Алматы облысы Қонаев қаласында мүгедектігі бар азаматтар үшін кедергісіз дауыс беру ұйымдастырылды

фл.png

Қонаев қаласында бүгінгі республикалық референдум кезінде 144 мүгедектігі бар азамат дауыс беруге құқылы. Оның ішінде «Қапшағай самға» қоғамдық бірлестігінің басшысы Марат Абдулдаев белсенділік танытып, алғашқылардың бірі болып, дауыс берді. Айтуынша, Қонаевтағы сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы жағдай жасалған, пандустар, көмекке шақыру батырмалары, арнайы дауыс беретін кабиналар, ұлғайтқыш лупа, құлаққап орнатылған. 

«Мен кез келген сайлау, референдумнан тыс қалмауға тырысамын. Еліміз әлеуметтік мемлекет ретінде жыл сайын дамып келеді. Бүгін де соның айқын көрінісі болып отыр. Сайлау учаскелерінде дауыс беруге қолайлы жағдай жасалғанын аңғардық. Мен өз таңдауымды дұрыс жасадым деген ойдамын. Жалғыз ғана тілегім бар – Қазақстанымыз одан ары өркендеп, қанатын кеңге жая берсін!» - деді ол. 

«Қапшағай самға» бірлестігі он жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Қазір оңалту орталығында 60-қа жуық бала ем-дом қабылдауда.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Более 10 тысяч рабочих мест и надежная энергия: ключевые преимущества строительства АЭС
  • 10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықта
  • Президент подписал закон, направленный на усиление правовой защиты педагогов и совершенствование обр
  • «ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ!» — ЗАҢДЫ ҚҰРМЕТТЕУ МЕН САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ІС-ШАРА
  • БОРАЛДАЙДА ЖАСТАР АРАСЫНДА ЕСІРТКІНІҢ ЗИЯНЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРУ АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ