САЛТАНАТ ЖАМБЫЛОВА: “…АТАМЫЗДЫҢ АМАНАТЫ”

фб.png

Бүгін таңның атысымен Жамбыл ауылында ерекше рухты күн басталды. Ұлттық киім киген өнерпаздар мен батырлар, көкпаршылар ауылдың орталық көшесімен жүріп өтіп, ауыл тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлады.

Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың тікелей ұрпағы Салтанат Жамбылова бастаған Жамбыл атаның ұрпақтары өздерінің сайлау учаскелеріне барып, республикалық референдумда дауыс берді.

Ата дәстүрін ардақтап, елдік құндылықтарды жоғары қоятын Жамбылдың ұрпақтары маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, ел болашағына бейжай қарамайтындарын көрсетті.

Бірлігі жарасқан әулет ата аманатына адалдық танытып, ел тағдырына қатысты маңызды шешімдерге жауапкершілікпен қараудың өнегесін көрсетті.

Жамбыл атаның ұрпағы Салтанат Жамбылова өз пікірінде:

«Референдум – әр азаматтың ел болашағына қатысты өз ойын білдіретін маңызды мүмкіндік. Жамбыл атамыз елдің бірлігі мен татулығын жырлаған ақын. Біз де сол аманатқа адал болып, мемлекетіміздің дамуына үлес қосуымыз керек. Сондықтан бүгін отбасымызбен келіп, өз таңдауымызды жасадық. Еліміздің болашағы жарқын болсын», – деді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Более 10 тысяч рабочих мест и надежная энергия: ключевые преимущества строительства АЭС
  • 10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықта
  • Президент подписал закон, направленный на усиление правовой защиты педагогов и совершенствование обр
  • «ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ!» — ЗАҢДЫ ҚҰРМЕТТЕУ МЕН САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ІС-ШАРА
  • БОРАЛДАЙДА ЖАСТАР АРАСЫНДА ЕСІРТКІНІҢ ЗИЯНЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРУ АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ