ДУЛДАЙ САРХАТД: “ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ БЕЙБІТ ЕЛ…”

ыю.png

Ұрпақ тәрбиесінде өнеге көрсетіп келе жатқан бұл әулеттің алтын діңгегі – «Алтын алқа» иегері, көпбалалы ана Дулдай Сархад. Ардақты ана 9 ұл, 4 қыз тәрбиелеп өсіріп, бүгінде 41 немере, 32 шөбере сүйіп отыр.

Адияттар әулеті – елге еңбегімен танылған, білім мен еңбекке ерекше мән беретін өнегелі отбасы. Әулет құрамында 19 ұстаз бен 3 дәрігер халыққа қызмет етуде. Сонымен қатар кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, спорт және білім саласында табысты еңбек етіп жүрген азаматтар көп.

Әулеттің немерелері де түрлі салаларда жетістікке жетіп, республика және халықаралық деңгейдегі жарыстардың жеңімпаздары атанып жүр.

Бүгін Адияттар отбасы ел болашағына бейжай қарамай, референдумға отбасымен келіп дауыс беріп, азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті.

Әулеттің ұйытқысы Сархад әжей өз пікірінде:

«Қазақ елі – әлемдегі ең бейбіт, берекесі тасыған бақытты ел. Мен осыншама немере-шөбереммен бірге референдумға келгеніме Аллаға мың да бір шүкірлік етемін. Осы ұрпағымның болашағы жарқын болсын деп дауыс беруге келдім. “Елу жылда – ел жаңа” дегендей, Жаңа Қазақстанның жаңа заңы қайта пысықталып жатыр. Біз әулетімізбен бұл өзгерісті қолдаймыз», – деді. #референдум2026


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Более 10 тысяч рабочих мест и надежная энергия: ключевые преимущества строительства АЭС
  • 10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықта
  • Президент подписал закон, направленный на усиление правовой защиты педагогов и совершенствование обр
  • «ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ!» — ЗАҢДЫ ҚҰРМЕТТЕУ МЕН САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ІС-ШАРА
  • БОРАЛДАЙДА ЖАСТАР АРАСЫНДА ЕСІРТКІНІҢ ЗИЯНЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРУ АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ