
Балқаш ауданы Бақанас ауылдық округінің әкімі Байгуатова Эльмира Төлендіқызының референдумның өту барысы туралы сұхбаты, 48 жаста, сағат 18:00;
№101 сайлау учаскесі, Бақанас ауылдық округі, Д.Қонаев көшесі, 147.
Сұхбат барысында әкім тұрғындардың жоғары белсенділігін және дауыс беру процесінің ұйымдасқан түрде өтіп жатқанын ерекше атап өтті.
Ол өз сөзінде: - «Бүгінгі референдум – еліміздің қоғамдық саяси өміріндегі маңызды оқиға. Бақанас ауылдық округінің тұрғындары жауапкершілік танытып, дауыс беруге белсенді қатысуда. Барлық сайлау учаскелері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр», – деді әкім.
Ауыл әкімі осы пікірінде аудан тұрғындарының өз таңдауына қатысты өте жауапты болғанын, референдум секілді мемлекеттік маңызы бар шараларға әрбір адамның қатысуы ел болашағы үшін маңызды екенін жеткізді. Референдум кезінде әрбір азаматтың пікірі ескеріліп, елдің даму бағыттары анықталатынын айта келе, ол ауылдағы белсенділік жоғары екенін қуана хабарлады.
Бақанас ауылдық округі – Балқаш ауданының орталығы саналатын ауыл. Сайлаушылар саны 4576 дан астам адамды құрайды, бұл ауыл тұрғындарының референдумға қатысу белсенділігін білдіретін маңызды көрсеткіштердің бірі.
Осылайша, Бақанас елді мекенінде тұратын әрбір тұрғын өз азаматтық борышын орындап, елдің болашағына өз дауысымен үлес қосып жатыр. Бұл көрсеткіш жергілікті қоғам мүшелерінің қоғамдық саяси өмірге деген белсенді қатысуына және жауапкершіліктің жоғары екеніне айқын дәлел болып отыр.


