ҰЛТТЫҚ КИІМ – ҰЛТТЫҢ АЙНАСЫ

image.png

18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай 2026 жылдың 18 наурызында Жиделі ауылдық кітапханасында «Ұлттық киім – 

ұлттың айнасы» атты өнеге сағаты ұйымдастырылды. Тағылымы мол шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды 

ұлықтау, қазақ халқының дәстүрлі киімдерінің ерекшелігін кеңінен насихаттау және жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты 

сіңіру болды.

Іс-шараға ауылдың ақ жаулықты әжелері мен ақсақал қариялары, сондай-ақ кітапхана оқырмандары белсене қатысып, 

ұлттық мұра төңірегінде ой өрбітті. Кеш барысында қазақтың ұлттық киімдерінің тарихы, олардың шығу тегі мен

 мән-мағынасы туралы мазмұнды әңгімелер айтылып, үлкендер өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар, ұлттық киім үлгілері таныстырылып, әрбір бұйымның өзіндік ерекшелігі мен тәрбиелік мәні кеңінен 

түсіндірілді. Қатысушылар ұлттық киімнің тек сәндік емес, сонымен қатар халықтың тұрмыс-тіршілігі мен дүниетанымынан сыр шертетін асыл мұра екеніне көз жеткізді.

Тағылымды шара көпшілікке ерекше әсер қалдырып, ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыра түсті. 

Осындай игі бастамалар ұлт мәдениетін дәріптеп, жас ұрпақтың санасына рухани байлықты сіңіруге үлкен үлес 

қосары сөзсіз.


Гүлім ТҰРЛЫБЕКОВА, Жиделі ауылдық кітапханасының кітапханашысы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «НАУРЫЗ»-ТАБИҒАТҚА ҚАМҚОРЛЫҚ МЕРЕКЕСІ
  • "Stop Corruption” — путь к честному обществу!
  • Stop Corruption” — адал қоғамға бастар жол!
  • Амал келді – жыл келді
  • ШАҢЫРАҚ – ШАТТЫҚ МЕКЕНІ: ТОПАРДАҒЫ ТАНЫМДЫҚ КВЕСТ