Алматы облысы: Балқаш ауданында құрылыс жұмыстарының көлемі 21,1%-ға өсті

268311c9-4619-46f7-a0c6-f769dd99335c.jpeg

Алматы облысының Балқаш ауданында құрылыс саласы қарқынды дамып келеді. 2026 жылдың сегіз айында құрылыс жұмыстарының көлемі 4,18 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,1%-ға өсті. Бұл ретте тұрғын үй құрылысы бағытында да оң динамика байқалады.

Есепті кезеңде ауданда 4 млрд 181,3 млн теңгенің құрылыс жұмыстары орындалды. Нақты көлем индексі 121,1%-ды құрады. Салыстырмалы түрде алғанда, 2025 жылдың осы кезеңінде құрылыс жұмыстарының көлемі 3 млрд 195,3 млн теңге болған.

«Тұрғын үй құрылысы бойынша да өсім бар. Биыл пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы 8 072 шаршы метрге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 5 287 шаршы метрмен салыстырғанда едәуір жоғары. Нақты көлем индексі -189,7%»,-дейді аудан әкімі Азат Үкітайұлы.

Әлеуметтік осал топтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету де ауданның басым бағыттарының бірі саналады. 2025 жылы аудан орталығында осы санаттағы азаматтарға арналған 90 пәтердің құрылысы аяқталып, тұрғындар игілігіне берілді.

Ал биыл аудан аумағында әлеуметтік осал топтарға арналған 208 пәтердің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде Миялы, Бақбақты және Ақдала ауылдарында жалпы саны 40 тұрғын үй салынып жатыр.

Аталған жұмыстар ауданның құрылыс саласын дамытуға, тұрғын үй қорын ұлғайтуға және әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың баспанаға қолжетімділігін арттыруға бағытталған.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Адалдық – адамдықтың белгісі»
  • АҚШ төрінде көк туымыз желбіреді!
  • Алматы облысы: Бақанаста мал азығын шығаратын зауыт салынуда
  • Алматы облысы: Балқаш ауданында құрылыс жұмыстарының көлемі 21,1%-ға өсті
  • Балқаш ауданында ет өндірісі 34,4%-ға, сүт өндірісі 13,3%-ға артты