Алматы облысы: Бақанаста мал азығын шығаратын зауыт салынуда

fee7031d-ad6c-4fd9-914b-5ffe720624c9.jpeg

Алматы облысының Балқаш ауданында туризмді, ауыл шаруашылығын және өндірісті дамытуға бағытталған бірқатар инвестициялық жоба қолға алынған. Жобалар жаңа жұмыс орындарын ашуға, жергілікті өндіріс көлемін ұлғайтуға және ауданның экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған.

Құйған ауылдық округіне қарасты Қараөзек елді мекенінде «JEYRAN FISHING CLUB» ЖШС құны 3 млрд теңге болатын демалыс орнының құрылысын жүргізуде. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Жоба толық іске қосылғаннан кейін 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Бақанас ауылдық округінде «Бақанас Байтақ Арго» ЖШС 13 гектар аумақта түйіршіктелген мал азығын өндіретін зауыт салу жобасын жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта жер телімі рәсімделіп, зауыт аумағын қоршау және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар өндірістік нысанның іргетасы қалануда. Кәсіпорын іске қосылған жағдайда 35 тұрақты жұмыс орны ашылады.

Бақаш ауданының әкімі Азат Құтпанбетовтың айтуынша, Қарой ауылдық округінде «ЭКО ЛОДЖ» ЖШС құны 1 млрд теңге болатын демалыс аймағын ашуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта жобаны іске асыруға қажетті құжаттар рәсімделуде. Жоба аясында 10 тұрақты жұмыс орнын құру көзделген.

«Балатопар ауылдық округінде «Қазақ Агро Астық» ЖШС агрокластерді дамыту аясында 6 млрд 192 млн теңгеге 3 620 бас асыл тұқымды қалмақ ірі қара малын өсіру жобасын іске асыруды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда жобаға қажетті жер телімдері бөлініп, құжаттары Өңірлік даму кеңесінде оң бағасын алған. Жоба толық жүзеге асқан жағдайда 70 адам тұрақты жұмыспен қамтылады»,-деп атап өтіт аудан басшысы Азат Үкітайұлы.

Сонымен қатар аудан аумағында құс шаруашылығын дамыту бойынша да бастама бар. «Тайда животноводство» ЖШС-мен жылына 100 млн дана жұмыртқа өндіретін құс фабрикасын салу жөнінде келіссөздер жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 3 млрд 120 млн теңгені құрайды. Кәсіпорын іске қосылған жағдайда 70 тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Аталған инвестициялық жобалар толық жүзеге асқан жағдайда 200 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Бастамалар ауданның туристік әлеуетін арттыруға, ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға ықпал етеді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Адалдық – адамдықтың белгісі»
  • АҚШ төрінде көк туымыз желбіреді!
  • Алматы облысы: Бақанаста мал азығын шығаратын зауыт салынуда
  • Алматы облысы: Балқаш ауданында құрылыс жұмыстарының көлемі 21,1%-ға өсті
  • Балқаш ауданында ет өндірісі 34,4%-ға, сүт өндірісі 13,3%-ға артты