ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ БАСТЫ БАҒДАРЫ


IMG_0059.jpeg

Аудандық орталық ауруханада Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылауға арналған «Денсаулық сақтау саласын дамыту – халықтың өмір сүру сапасын арттырудың маңызды бағыты» тақырыбында танымдық кездесу өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді медицина қызметкерлеріне түсіндіру, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және денсаулық сақтау саласын одан әрі дамыту бағыттарын талқылау.

Кездесу барысында медицина мамандары медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту, тұрғындардың денсаулығын нығайту және саланың даму перспективалары жөнінде өзара пікір алмасты. Сондай-ақ алдағы міндеттер мен жоспарлар талқыланды.

Денсаулық сақтау саласын дамыту – халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасын арттырудың маңызды кепілі.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа Конституция-жаңа белестерге бастайды
  • ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ БАСТЫ БАҒДАРЫ
  • БАҚАНАС АУЫЛЫНДА АҒАШ ЕГУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
  • ЖҮЛДЕЛІ ЖЕҢІС – МЕКТЕП МЕРЕЙІ!
  • Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асуда