Алматы облысында 2 мыңнан астам ерекше қажеттілігі бар азаматқа дауыс беруге жағдай жасалды

19.png

Алматы облысында мәслихат сайлауына ерекше қажеттіліктері бар 2 318 азамат қатысып жатыр. Олардың бір бөлігі үйден

 дауыс берсе, сайлау учаскесіне келгендер үшін де қолайлы жағдай жасалған. Мәселен, облыс орталығы Қонаев қаласындағы №947 

сайлау учаскесінде арнайы дауыс беру кабинасы, көру қабілеті бұзылған азаматтарға арналған тактильді бағыттағыштар мен дыбыстық 

хабарлау құрылғысы орнатылған. 


Бұдан бөлек, есту қабілеті бұзылған азаматтар үшін портативті индукциялық жүйе қарастырылған. Ол есту аппаратымен байланысып,

 сайлау комиссиясы мүшесінің дауысын тікелей жеткізеді. Бұл сайлаушыларға қажетті ақпаратты анық естіп, дауыс беру тәртібін түсінуге

 мүмкіндік береді. Сондай-ақ бүгін азамттарға инватакси және сурдоаудармашы қызметтері қолжетімді. 


Жалпы, Алматы облысында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын қолжетімді әрі ашық өткізуге барлық жағдай жасалған. 

Сайлау процесінің барысын қазіргі уақытта 2 мыңнан астам сенімді өкіл мен байқаушы байқап отыр. Еске сала кетейік, бүгін Алматы

 облысында 683 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр.



Алматы облысының ӨКҚ


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Столетняя бабушка, 18-летний избиратель и аким в очереди: как проходят выборы маслихатов в Алматинск
  • Ғасыр жасаған әже, 18 жастағы сайлаушы мен кезекте тұрған әкім: Алматы облысында мәслихат сайлауы қа
  • Іле ауданының Құрметті азаматы Лилия Гасанова № 345 сайлау учаскесінде дауыс берді
  • Почётный гражданин Илийского района Лилия Гасанова проголосовала на избирательном участке № 345
  • МАРАФОНШЫНЫҢ ТАҢДАУЫ — ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ҮЛГІСІ