
Балқаш ауданына қарасты Құйған ауылының тұрғыны, көпбалалы ана, «Алтын алқа» иегері Алтынкүл Нұрақбайқызы №118 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.
Ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан шет қалмаған ардақты ана азаматтық құқығын пайдаланып, дауыс берді. Ол әрбір азаматтың сайлауға қатысып, өз таңдауын жасауы ел болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі екенін атап өтті.


