
Алматы облысында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына алғаш рет қатысып жатқан жастардың бірі – 18 жастағы Сұңғат Қияқбаев.
Ол Қонаев қаласындағы №943 сайлау учаскесіне келіп, азаматтық құқығын пайдаланып, өз таңдауын жасады.
Жас сайлаушы үшін бұл күннің орны бөлек. Бұған дейін сайлау барысын тек жаңалықтардан бақылап келген Сұңғат биыл алғаш рет дауыс
беріп, өңірдің дамуына қатысты шешімдер қабылдайтын мәслихат депутаттарын таңдауға өз үлесін қосты.
Оның айтуынша, жастардың сапалы білім алуына, жұмысқа орналасуына және спортпен шұғылдануына мүмкіндік жасау маңызды. Сондай-ақ
қоғамдық көліктің қолжетімділігі мен спорт инфрақұрылымын дамытуға да көңіл бөлінсе дейді.
-«Бүгін мен үшін ерекше әрі есте қаларлық күн. 18 жасқа толып, алғаш рет мәслихат сайлауына қатысып, өз таңдауымды жасадым. Бұл –
үлкен жауапкершілік пен азаматтық белсенділіктің белгісі. Өз дауысымды беру арқылы қаламыздың және еліміздің болашағына бейжай
қарамайтынымды білдірдім. Менің ойымша, әрбір азаматтың дауысы маңызды. Өңіріміздің дамуы әрқайсымыздың таңдауымыздан басталады»,-
– деді Сұңғат Қияқбаев.
Жас сайлаушы алдағы уақытта да қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласып, туған қаласының дамуына өз үлесін қосуға ниетті. Оның
пікірінше, азаматтық жауапкершілік өз құқығыңды пайдаланудан және ел өміріне бейжай қарамаудан басталады.
Айта кетейік, Алматы облысында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында 1 056 474 адам дауыс беру құқығына ие. Олардың
қатарында биыл 18 жасқа толған 8 296 жас бар. Өңірде таңғы сағат 7:00-ден бастап 683 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр.
Алматы облысының ӨКҚ


