Алматы облысында цифрлық сервистер сайлаушыларға өз учаскесін анықтауға көмектесуде

image.png

image.png

Алматы облысында мәслихат депутаттарын сайлау барысында азаматтар цифрлық сервистердің көмегіне жүгініп, өзінің қай учаскеде

 дауыс беретінін анықтауға мүмкіндік алды. Бұл тұрғындарға қажетті ақпаратпен алдын ала танысып, дауыс беру орнын оңай табуға 

жәрдемдеседі.


eGov.kz электрондық үкімет порталының «Сайлаушылардың мекенжай ақпаратын тексеру» онлайн-сервисі облыстың 502 сайлау 

учаскесінде жұмыс істеп тұр. Егер азамат өзін сайлаушылар тізімінен таппаса, аталған жүйе орнатылған кез келген жақын маңдағы 

учаскеге барып, көмек сұрай алады. Ал комиссия мүшесі ЖСН арқылы тіркелген мекенжайын бірден анықтап береді. Осылайша,

 тұрғындар сайлау учаскесі туралы мәліметтерді нақтылап, артық уақыт жоғалтпай, дауыс беруге бірден бет алады. Бұл азаматтардың 

сайлауға белсенді қатысуына ықпал етіп, оларға қолайлы жағдай туғызады. 


Айта кетейік, бүгін елімізде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтуде. Алматы облысындағы 683 сайлау

 учаскесі таңғы сағат 7:00-ден бастап жұмыс істеп жатыр. Өңірде барлығы 1 056 474 азамат дауыс беру құқығына ие. Олардың қатарында

 сайлауға алғаш рет қатысып отырған 8 296 жас бар.

 

Алматы облысының ӨКҚ


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Столетняя бабушка, 18-летний избиратель и аким в очереди: как проходят выборы маслихатов в Алматинск
  • Ғасыр жасаған әже, 18 жастағы сайлаушы мен кезекте тұрған әкім: Алматы облысында мәслихат сайлауы қа
  • Іле ауданының Құрметті азаматы Лилия Гасанова № 345 сайлау учаскесінде дауыс берді
  • Почётный гражданин Илийского района Лилия Гасанова проголосовала на избирательном участке № 345
  • МАРАФОНШЫНЫҢ ТАҢДАУЫ — ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ҮЛГІСІ