ЖЕРЛЕСІМІЗ «БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ИЕГЕРІ

ЖЕРЛЕСІМІЗ «БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ИЕГЕРІ

IMG-20201203-WA0024.jpg

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен елімізде «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы осыдан біраз жылдар бұрын қолға алынған болатын-ды. Аталмыш іргелі істің нәтижесі көп ұзамай-ақ өз жемісін бере бастады. Қазіргі таңда алыс-жақын шетелдегі іргелі оқу орындарында білімдерін шыңдаған еліміздің ертеңі саналатын жастар қоғам игілігіне кірпіш болып қалануда.

Аталмыш бағдарламаға қол жеткізгендердің қатарында жерлесіміз Ахатай Абай Болатұлының бар екенін естігенде бір қуанып қалдық. Кемел келешектің кілті білімде екенін ұғынған өренді аудан жұртшылығына жақынырақ таныстыруды мақсат тұтып, оның өмірдерегін аудан жұртшылығының назарына ұсынып отырмыз.

Ахатай Абай Болатұлы 1996 жылы Бақанас ауылында дүниеге келген. 2003 жылы №1 Жамбыл орта мектебінің табалдырығын аттап, 2014 жылы Алматы қаласындағы №173 мектеп гимназиясын аяқтаған. Мектеп қабырғасында жүрген кезінде физика-математика пәндерінен олимпиада жүлдегері атанып, жоғары оқу орындарына жолдама алған. Алматы энергетика және байланыс университетінің ақпараттық технологиялар факультетін тәмамдаған. «Эйр Астана» ұлттық компаниясына жұмысқа орналасып, өндірістен қол үзбей жүріп-ақ Қазақ-Британ техникалық университетінде білімін тереңдеткен жас өрен бүгінгі таңда АҚШ-тың Пенсильвания штат университетіне «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға түсті.

Болашағынан көп үміт күттіретін Абай Болатұлына біздің тарапымыздан да ақ жол тілейміз. Бойындағы бар күш-жігеріңді, алған біліміңді еліміздің дамуына жұмсайды деген сенімдеміз.

«Балқаш-ақпарат».


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Новая Конституция позволит точно доводить информацию и формировать культуру конструктивного диалога
  • Жаңа Конституция ақиқатты айна-қатесіз жеткізіп, сындарлы сұхбат мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік
  • Жаңа Конституциямыздағы жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі
  • Бірдей мәтін бірдей нәтиже бермейді
  • Действующую Конституцию 1995 года написала группа всего из 12 человек, трое из них – иностранцы