
Республика күніне орай ауылымызда 1990–2000 жылдар аралығында туған азаматтар арасында ұлттық спорт түрлерінен спартакиада ұйымдастырылды.
Спартакиадаға 1991, 1994, 1995, 1997 және 1998 жылдары туған азаматтар қатысып, өзара бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды 1997 жылы туған азаматтар иеленсе, екінші орынды 1994 жылы туған азаматтар иеленді. Ал үшінші орын 1995 жылы туған азаматтарға бұйырды.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық ойындарды дәріптеу, салт-дәстүрімізді насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, қатысушылардың ұйымшылдығы мен достық қарым-қатынасын нығайту, сондай-ақ ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру.
Осындай игі шаралар ауыл тұрғындарының бірлігін нығайтып, ұлттық мұрамызды ұлықтауға және жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге ықпал етеді.


