
Балқаш ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Ozger» жобасы аясында «Зиянды әдеттерден аулақ болайық!» атты жастармен кездесу өткізілді.
Іс-шара Балқаш ауданының Бақанас ауылындағы Б. Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясында өтті.
Кездесуге аудандық полиция бөлімінің және аудандық аурухананың арнайы мамандары қатысып, жастарға зиянды әдеттердің адам денсаулығына тигізетін кері әсері, нашақорлық пен алкоголизмнің алдын алу, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша маңызды ақпарат берді.
Шара барысында жастарға тақырыпқа сәйкес сұрақтар қойылып, олардың белсенділігі мен білім деңгейін арттыруға бағытталған интерактивті әңгіме өрбіді.
Кездесу соңында іс-шараға белсене қатысқан жастарға сыйлықтар табысталды.


