
Ауданның білім беру жүйесінде жоғары біліктілігі мен кәсіби шеберлігін еліміздің болашағы – жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге арнап, табысты еңбегі үшін Ногаева Зарида Рахатовна Құрмет грамотасымен марапатталды!
Бұл марапат – білім саласына қосқан үлесі мен адал еңбегінің жемісі.
Әріптесімізді лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз асқақтай берсін! Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тілейміз!
Еңбегіңіз әрдайым бағаланып, биік белестерден көріне беріңіз!


