Қазақстанның өнімдері алғаш рет «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында FOODEX 2025 көрмесіне қатысып

2025 жылдың 11-14 наурызы аралығында Токио қаласында азық-түлік саласындағы ең ірі халықаралық көрме – FOODEX 2025 өтуде. Биыл Қазақстанның «Бір ауыл – бір өнім» жобасының қатысушылары өздерінің ерекше өнімдерін әлемдік аренада таныстыруда. Көрмеге 50 000-нан астам қатысушы, оның ішінде жетекші ритейлерлер мен инвесторлар жиналды.

«Бір ауыл – бір өнім» жобасының мақсаты – жергілікті ресурстар мен ерекшеліктерді тиімді пайдалана отырып, микро және шағын бизнес өкілдеріне қолдау көрсету.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбековтің айтуынша: «FOODEX 2025 көрмесіне қатысу қазақстандық өндірушілер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл – Қазақстан өнімінің халықаралық аренада жоғары әлеуетін көрсетуге және әлемдік компаниялармен жаңа байланыстар орнатуға мүмкіндік беретін алаң».

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Іле ауданында санитарлық тазалық жұмыстары жалғасуда
  • Впервые на конституционном уровне закреплена преемственность тысячелетней истории Великой Степи – Ол
  • Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығы алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілді
  • Алматы облысында медицина қызметкерлері ұлықталды: 25 маман марапатталып, өңірге 70 жаңа медициналық
  • *Касым-Жомарт Токаев подчеркнул самоотверженный труд врачей на примере спасенного ребенка*