ЖҮЛДЕЛІ ЖЕҢІС – МЕКТЕП МЕРЕЙІ!

IMG_0052.jpeg

«Үздік бастауыш сынып мұғалімі – 2026» облыстық байқауында Ақдала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ерік Индира Ерікқызы ІІІ орын иеленіп, жүлдегер атанды!

Бастауыш білім – баланың үлкен өмірге бастар алғашқы баспалдағы. Ал сол баспалдақта шәкіртінің қолынан ұстап, білімге деген қызығушылығын оятып, әр баланың бойындағы қабілетін аша білу – ұстаз шеберлігінің айқын белгісі.

Өзінің ізденісі мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін облыстық деңгейде дәлелдеген Индира Ерікқызын лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл жетістік – ұстаз еңбегінің жемісі ғана емес, мектебіміздің ортақ мерейі мен абыройы!

Шәкірттеріңіздің жетістігі еселеніп, еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз! Алда бұдан да биік белестер мен жарқын жеңістер көп болсын!



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа Конституция-жаңа белестерге бастайды
  • ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ БАСТЫ БАҒДАРЫ
  • БАҚАНАС АУЫЛЫНДА АҒАШ ЕГУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
  • ЖҮЛДЕЛІ ЖЕҢІС – МЕКТЕП МЕРЕЙІ!
  • Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асуда