
Бақанас ауылында қоршаған ортаны қорғау, елді мекеннің көркін арттыру және жасыл желек көлемін ұлғайту мақсатында ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылды.
Игі бастама ауылдың экологиялық ахуалын жақсартуға, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ туған жердің тазалығы мен көркеюіне үлес қосуға бағытталды.
Акция барысында ағаш көшеттері отырғызылып, қатысушылар қоршаған ортаны қорғау баршамызға ортақ міндет екенін тағы бір мәрте көрсетті.
Бүгін егілген әрбір ағаш – ертеңгі ұрпаққа қалатын жасыл мұра. Осындай игі бастамалар туған өлкеміздің ажарын ашып, ауылымыздың көркеюіне жол ашады.


