«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ФИЛИАЛЫ – 2025» АТАНДЫ

ba9ecd97-a786-48a9-bff2-c12bb799477a.jpg

      2025 жылдың 3 ақ панынан бастап өз жұмы сын бастаған ауданының Балқаш «Белсенді ұзақ өмір орталығы» аз ғана уақыт ішінде үлкен жетістіктерге жетіп, об лыс көлемінде өз орнын айқындап үлгерді.

3b93b38c-ebd2-4a94-b228-3a3518783f39.jpg

Орталық қызметкерлері Алматы облысы «Белсенді ұзақ өмір орталығының» ұйымдастыруымен өткен түрлі бағыттағы байқау ларға белсене қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Нұсқаушылар арасында өткізілген бай қаулар қорытындысы бой ынша:

● шахматтан – бас жүлде,

● жадты нығайту байқауынан – бас жүлде,

● скандинавиялық жаяу жүруден – I орын,

● психологтар байқауынан – II орын иеленді.

Сонымен қатар, қызмет алушылар арасында Қарттар күніне орай Есік қаласында өткен облыстық өнер байқауында орталық ұжымы «Үздік хор ұжымы» номинация сын жеңіп алып, жалпы қорытынды бойынша жүлделі I орынды иеленді.

29 қазан күні «Әлеуметтік сала қызметкерлер» күніне арналған мерекелік кеште Балқаш ауданының «Белсенді ұзақ өмір орталығы» жыл бойы атқарған нәтижелі еңбегі мен байқаулардағы жетістіктері, сондай-ақ құжаттарды мониторингілеу көрсеткіштері бойынша «Жылдың үздігі-2025» атағына лайық деп танылды. Ұжым арнайы дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Бұл жетістіктер-ұжымның бірлігі мен кәсіби шеберлігінің, қызметалушылармен жүйелі жұмысының және салауатты өмір салтын насихаттаудағы табанды еңбегінің жемісі.

   Ләззат БАЙШІКОВА, «Белсенді ұзақ өмір орталығының» әлеуметтік жұмыстар жөніндегі маманы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық комиссия халықты егемендіктің иесі етуді ұсынды
  • Народ предложили сделать носителем суверенитета – Конституционная комиссия
  • Магеррам Магеррамов: законы не должны ухудшать положение граждан задним числом
  • Магеррам Магеррамов: заңдардың кері күші азаматтардың жағдайын нашарлатпауға тиіс
  • Глава фонда «Әділ сөз» высоко оценила закрепление норм о защите свободы