«КІТАП МЕН ҮШІН…» АТТЫ ЕРЕКШЕ БЕЙНЕРОЛИК

IMG_0481.jpeg

Кітап – адамзаттың ғасырлар бойы жинақтаған асыл қазынасы. Ол бізге білім беріп қана қоймай, ойлануға, ізденуге, армандауға және дүниені тануға жол ашады.

Кітап оқыған сайын адамның ой-өрісі кеңейіп, сөздік қоры молаяды, дүниеге деген көзқарасы қалыптасады. Әр кітаптың өз оқиғасы, әр беттің өз сыры бар. Ал сол сырды ашу – оқырманның қолында.

Осы бейнероликте мектебіміздің оқушылары «Кітап мен үшін…» деген сөйлемді өз ойларымен жалғастырып, кітаптың өміріндегі орны, кітап оқуға деген қызығушылығы және сүйікті шығармалары туралы ойларымен бөлісті.

Біреу үшін кітап – білім көзі.
Біреу үшін – сырлас дос.
Біреу үшін – қиял әлеміне апарар жол.
Ал біреу үшін – болашаққа бастар алғашқы қадам.

Кітап – үнсіз ұстаз, сырлас дос, сарқылмас қазына. Сондықтан кітап оқуды әдетке айналдырып, рухани байлығымызды арттыра білейік!

Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деген өнегелі сөзі білімге бастар жолдың бірі – кітап оқу екенін айқындайды.

Кітаппен дос болайық! Оқимыз, ізденеміз, дамимыз!



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституция – жаңғырудың құқықтық негізі, ел болашағының кепілі
  • Жолдау – жаңару мен өркендеудің негізі
  • БАҒДАРШАММЕН БІРГЕ ҮЙРЕНЕМІЗ!
  • «КІТАП МЕН ҮШІН…» АТТЫ ЕРЕКШЕ БЕЙНЕРОЛИК
  • ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!