Алматы облысында мемлекеттік аудит тиімділікті арттыруға бағытталды

083f5085-9da6-40fb-9f22-18923e3ce479.jpg

    

    Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2025 жылдың 9 айындағы қызметінің негізгі қорытындылары таныстырылды. Спикер – Тексеру комиссиясының мүшесі Қуаныш Есенамановтың айтуынша, есепті кезеңде мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдамалық іс-шаралар жүйелі түрде жүргізіліп, барлығы 93 нысан қамтылған.

    Жалпы аудитпен қамтылған қаражат көлемі 197,4 млрд теңгені құрады. Бұл ретте негізгі мақсат – бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын, қаржылық тәртіптің сақталуын және мемлекеттік мүліктің дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз ету болып табылады.

    Қуаныш Есенаманов атап өткендей, жүргізілген аудит нәтижелері бойынша бірқатар ұсынымдар беріліп, бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдаланудың сапасын арттыру бағытында нақты шаралар қабылданған. Тексеру комиссиясының ұсынымдары бойынша жауапты органдар тарапынан тиісті жұмыстар жүргізіліп, анықталған кемшіліктердің басым бөлігі жойылған.

    Сонымен қатар, мемлекеттік аудит нәтижесінде бюджет қаражатын тиімді пайдалану және есептілікті жақсарту мақсатында нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді.

    «Мемлекеттік аудиттің басты мақсаты – қаржы тәртібін нығайту, бюджет қаражатын тиімді әрі ашық пайдалануды қамтамасыз ету. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады», – деді Қуаныш Есенаманов.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысында 2025 жылдың 9 айындағы мемлекеттік аудит жұмысының қорытындылары ұсынылды
  • Байсеркеде алғаш рет жаңа жылдық авиашоу өтеді
  • ️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан жағдайында цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу ішкі жалпы ө
  • Президент: «Объем несырьевого экспорта продемонстрировал рост почти в два раза»
  • ️Президент: «Шикізаттық емес экспорт көлемі 2 есеге жуық ұлғайды»