Алматы облысы ауыл шаруашылығы саласында рекорд жаңартты!

_gluster_2025_11_13_027d881661d918547dc2ef3191534a43_1280x720.jpg

       Құс еті өндірісі бойынша республикада – 1-орын, сиыр еті мен жұмыртқа өндірісі бойынша – 2-орын, ал сүт өндіру көрсеткіші бойынша Алматы облысы елімізде 3-орында тұр.

    2025 жылдың  10 айының қорытындысы бойынша Алматы облысында мал шаруашылығы саласында тұрақты өсім сақталып отыр. Өңірде шаруашылықтарда сойылған және тірідей салмақта өткізілген мал мен құстың жалпы еті 218 мың тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,1%-ға жоғары.

    Республикалық жалпы көлемдегі облыстың үлесі 14%, бұл Алматы облысына ел бойынша бірінші орынды қамтамасыз етті.
Соның ішінде:
 • Құс еті өндірісі – 113 мың тонна (республикалық көлемнің шамамен 30%-ы);
 • Сиыр еті өндірісі – 67 мың тонна, бұл көрсеткіш бойынша облыс Қазақстанда екінші орында.

    Сиыр сүтінің жалпы сауымы 265 мың тоннаны құрады. Өсім көлемі – 5,2%.
Бұл көрсеткіш Алматы облысына сүт өндіру бойынша елдің үздік үш өңірінің қатарына енуге мүмкіндік берді.

    Өңірде 412 миллион дана тауық жұмыртқасы өндірілді. Бұл да облыстың елдегі ТОП-3 өңірдің қатарында екенін көрсетеді.

    «Бүгінде Алматы облысында мал шаруашылығын қолдау мен дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Нәтижесінде ет, сүт және жұмыртқа өндіру көлемі жыл сайын артып келеді. Бұл – ауыл еңбеккерлерінің тынымсыз еңбегі мен мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан жүйелі қолдаудың жемісі. Алдағы уақытта да өндіріс көлемін ұлғайту, заманауи технологияларды енгізу және өнім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасады», – Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығы бөлімінің бас маманы Олжас Молдатаев.

    Жалпы алғанда, оң көрсеткіштер мал шаруашылығының тұрақты дамуын және Алматы облысының ішкі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды үлесін айғақтайды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАР: ТАЛАНТТАРДЫ ҚАЛАЙ ТАРТУҒА ЖӘНЕ ҰСТАП ҚАЛУҒА БОЛАДЫ?
  • «Келешек мектебі» мемлекеттік бағдарламасы аясында екі жаңа мектеп пайдалануға берілмек
  • Две новые школы в рамках государственной программы «Келешек мектебі»
  • Алматы облысындағы елді мекеннің 95 пайызына кең жолақты интернет қол жетімді
  • В 95% населённых пунктов Алматинской области обеспечен доступ к широкополосному интернету