
Кез келген дамыған мемлекеттің басты мәселесінің бірі- азаматтарының тұрғын үймен қамтылуы. Өйткені баспана қалың көпшіліктің тұрмыстық қажеттіліктерінің ең негізгісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халықтың басым көпшілігі үшін тұрғын үй – ең өзекті мәселе. Мемлекет шын мұқтаж адамдарға ғана жәрдем береді» деген болатын. Сондықтанда елімізде тұрғын үйге мұқтаж жандарды пәтермен қамтамасыз етуге баса мән беріліп келеді.
Ал ауданымызда да баспанасыз жүрген отбасыларды тұрғын үймен қамту мәселесі өзекті мәселелердің қатарында. Жыл сайын осы мәселені шешу мақсатында аудан көлемінде тұрғын үйлер салынып, тұрғын үй кезегінде тұрған аудан азаматтарына баспана берілуде. Биылда бұл дәстүр өз жалғасын тауып, аудан көлемінде 90 пәтер салыну жоспарланған.
Жыл басынан жоспарланған тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын сапалы әрі дер уақытында аяқталуын өз бақы-лауына алған аудан әкімі Азат Құтпанбетов осы салаға жауапты мамандарға тапсырмалар жүктеп, жіті бақылауда ұстап отыр.
Осы орайда аудандық құр-ылыс бөлімінің мәліметіне сүйенсек, тұрғын үй құрылысын жүргізуді өз жауапкершілігіне алған құрылыс мекемелері жыл басынан бері аудан көлемінде бірқатар тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр. Атап айтқанда «BC Lengthy Life» ЖШС арқылы халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған Бақанас ауылында бірінші және екінші құрылыс алаңында 2 қабатты 4 пәтерлі 14 тұрғын үй және 1 қабатты 2 пәтерлі 4 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Жалпы ол 64 пәтерді құрайды. Қазіргі танда бірінші құрылыс алаңында 36 пәтердің құрылыс жұмыстары аяқталу сатысында тұр.
Сонымен қатар екінші құр-ылыс алаңында 28 пәтердің құрылыс жұмыстары 15-ші желтоқсанға дейін толық аяқ-талады деп жоспарланған.
Сондай - ақ 26 пәтер жеке тұлғалар тарапынан салынып жатыр.
Бұл тұрғын үйлерге инженерлік-коммуникациялық желілері және абаттандыру құрылыс жұмыстары және ауыз су құбыры, электр жүйесі, табиғы газ құбырлары бірге жүргізілуде.
Жоғарыда аталған тұрғын үй құрылыстарын осы аптада арнайы аралап, ол жерлерде атқарылып жатқан жұмыстар жүйесімен жақын таныстық.
Біз атбасын бұрған тұрғын үй құрылысының бірі - Бақанас ауылынан бой көтерген 2 пәтерлі 6 тұрғын үй құрылысы. Сапар барысында құрылыс басшысы Ербол Нұрмашов пен құрылыс шебері Азамат Кемал және бригадирі Алтынғали Қанапияев жұмыс жүйесін жоспарлап жатқанына куә болдық. Олар құрылыс жұмыстарының 60 пайызын аяқтаған. Осы қарқынын бәсендетпесе жоспарланған мерзімде пәтер кілттерін өз иелеріне табыстап қа-лады.
Келесі кезекте аудан орталығынан тұрғын үй құрылыстарын жүйелі жүргізіп жатқан «BC Lengthy Life» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барып, аталмыш мекеменің құрылыс жетекшісі Сержан Сламовпен сұхбаттастық. Ол құрылыс жұмыстарын егжей - тегжейлі баяндап, тұрғын үйлердің жылу ұстайтын (Тепло блок) қабатын орнатып жатқан құр-ылысшылар - Айдос Досыбай, Айдос Әшімбай, Еламан Серік және дәнекерлеуші Серікбол Құсайыновтың өз жұмыстарына жауапты екенін айтты.
Мұнан соң Ақдала ауылында салынып жатқан 2 пәтерлі 4 тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарымен жақын таныстық. Ол жерде де жанталаса жұмысқа кіріскен құрылысшылар қатарында Бақанас ауылының тұрғындары Мекен Аманғазиев, Нұржан Жасұлан, Нұрбол Сансызбаев сынды азаматтарды кездестіріп, олармен тұрғын үй құрылысы жайында әңгіме өрбіттік.
Жеке кәсіпкерлердің қаражатына салынып жатқан тұрғын үй құрылысы аяқталған сәтте аудан әкімдігі мемлекет тарапынан бөлінген қаражатқа оларды сатып алып, тұрғын үй кезегінде тұрған аудан тұрғындарына береді деген жоспар бар. Жалпылай айтсақ, аудан аумағында құрылыс жұмыстары қарқынды.
Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».


