Мемлекет міндеттемелерін орындайды: шағын және орта бизнес несиесіне субсидия ала бастады

b17987ad-fde9-4b96-8f51-95f7f511f1ab.jpg

    Шағын және орта бизнестің қабылданған жобаларына субсидия төлеу  үшін Үкімет  қаражат бөлді.  Ал «Даму» Қоры кәсіпкерлерге қаражат аударуға кірісті.

    «Қазір мемлекет қажет қаражатты толық бөлді. Осы жылдың соңына дейін біз мойнымыздағы міндеттемелерімізді толық орындап бітеміз. Қордаланған берешектер қазірдің өзінде өтеліп жатыр, ал ШОБ бұған дейін төлеген пайыздар бойынша субсидия ала бастайды. Банктерге барлық төлемдер толық аударылады. Осылайша, берешекке байланысты ШОБ мәселелері толық шешіледі. Жыл соңына дейін біз барлық міндеттемелерді орындаймыз», - деді Қордың Басқарма төрағасының орынбасары Талғат Смағұлов.

    Бұл ретте 2025 жыл ішінде кідірістер барлық өңірде бірдей болмағанын атап өту маңызды. Атап айтқанда, Алматыда  Жергілікті атқарушы органның қолдауының арқасында уақтылы төленіп келді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Іле ауданында санитарлық тазалық жұмыстары жалғасуда
  • Впервые на конституционном уровне закреплена преемственность тысячелетней истории Великой Степи – Ол
  • Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығы алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілді
  • Алматы облысында медицина қызметкерлері ұлықталды: 25 маман марапатталып, өңірге 70 жаңа медициналық
  • *Касым-Жомарт Токаев подчеркнул самоотверженный труд врачей на примере спасенного ребенка*