Коалиция мүшелері Б.Бейсекбаев атындағы мектеп гимназиясының ұжымымен кездесті

hf.png

fg.png

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Бақанас 

ауылындағы Б.Бейсекбаев атындағы мектеп гимназиясының педагогикалық ұжымымен кездесіп, 15 наурызда

 өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа редакцияда Қазақстанның әлеуметтік мемлекет екені нақты әрі айқын 

бекітілетінін атап өтті. Азаматтардың заңда белгіленген тәртіппен ақы алынбай медициналық көмек алуға құқығы 

сақталатыны, әлеуметтік міндеттемелердің конституциялық деңгейде нақтыланатыны түсіндірілді.

«Жаңа Конституция әлеуметтік кепілдіктерді қысқартуға емес, оларды нақты әрі құқықтық тұрғыдан айқындауға

 бағытталған. Әлеуметтік мемлекет қағидаты – декларация емес, бюджет пен заңнамалық міндеттемелер арқылы 

қамтамасыз етілетін нақты норма. Бұл – азаматтардың денсаулық сақтау мен білім беру саласындағы құқықтарының 

сақталуының құқықтық кепілі», – деді коалиция мүшесі Ерболат Кусаинов.

Ұжым өкілдері жаңа Конституция жобасының мазмұнына қатысты пікір білдіріп, референдумға қатысуға ниетті екендерін 

жеткізді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Саяси науқаннан тыс қалмайық!
  • ХАЛЫҚТЫҢ ТАҢДАУЫ
  • РЕФЕРЕНДУМ – БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ
  • ХАЛЫҚ ҮНІ – БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
  • РЕФЕРЕНДУМ – ХАЛЫҚ ҮНІНІҢ КӨРІНІСІ