

Балқаш ауданына қарасты Желторанғы ауылында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық
Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Қонаев атындағы мектептің педагогикалық ұжымымен кездесті.
???? Кездесу барысында 15 наурызға белгіленген республикалық референдум және жаңа Конституция
жобасында ұсынылып отырған өзгерістер туралы кеңінен ақпарат берілді. Әсіресе заң үстемдігін нығайту,
мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту мәселелеріне
назар аударылды.
Жиын барысында мұғалімдер қоғамдағы саяси жаңғыру үдерістеріне қатысты пікірлерін білдіріп, референдумға
ұсынылып отырған өзгерістердің мәні туралы өз сұрақтарын қойды. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті.
Коалиция мүшесі Аслан Кубентаев жаңа Конституция жобасы ел дамуының келесі кезеңіне бағытталған маңызды
құжат екенін атап өтті.
???? «Ұсынылып отырған өзгерістер мемлекет пен қоғам арасындағы жауапкершілік пен сенімді нығайтуға бағытталған.
Конституциялық реформалар азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтіп, басқару жүйесін тиімді әрі ашық
етуге мүмкіндік береді», – деді ол.
Кездесу соңында қатысушылар алдағы референдумның маңызына тоқталып, ел болашағына қатысты маңызды
шешімдер қабылдауда азаматтық белсенділіктің рөлі жоғары екенін атап өтті.


