ҚОҒАМДЫҚ ТАҢДАУ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНА ЖАУАПКЕРШІЛІК

гулз.png

Референдум – халықтың өз болашағына қатысты маңызды шешімдерді қабылдауға тікелей қатысуының айқын көрінісі. Бұл – ел азаматтарының пікірін білдіріп, мемлекет дамуына үлес қосатын маңызды демократиялық құрал. Қоғам белсендісі ретінде мен референдумның маңызы ерекше деп санаймын.

Қоғамның дамуы әрбір азаматтың белсенділігіне байланысты. Референдум – халық пен биліктің арасындағы ашық диалогтың бір көрінісі. Әрбір адам өз дауысын беру арқылы елдегі маңызды өзгерістерге ықпал етеді. Сондықтан мұндай тарихи сәттерде бейжай қалмай, азаматтық ұстанымымызды білдіру – ортақ міндет.

Бүгінде елімізде қоғамдық пікір мен азаматтық жауапкершілік артып келеді. Бұл – қоғамның саяси мәдениетінің өсіп келе жатқанын көрсетеді. Қоғам белсенділері ретінде біз халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, елдің болашағына қатысты бастамаларға қолдау білдіруіміз керек.

Референдум – тек дауыс беру ғана емес, ол – елдің ертеңіне деген сенім мен жауапкершіліктің белгісі. Сондықтан әрбір азамат белсенділік танытып, ел болашағы үшін маңызды шешімдерге қатысуы қажет.

Ел тағдырына бейжай қарамай, ортақ іске үлес қосу – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.

Гүлзат СӘЛІМЖАНОВА, қоғам белсендісі.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Алматинской области широко отмечают 180-летие Жамбыла Жабаева
  • Алматы облысында Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойы дүркіреп өтуде
  • «Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды
  • Жаңа Конституция – Қазақстанның саяси-құқықтық жаңғыруының негізі
  • Кітаппен өткен тағылымды кездесу