
Референдум – ел өміріндегі маңызды мәселелерді халықтың тікелей дауыс беруі арқылы шешуге мүмкіндік беретін демократиялық құрал. Бұл – әрбір азаматтың мемлекет болашағына қатысты өз пікірін білдіріп, шешім қабылдауға қатысуына жол ашатын маңызды саяси тетік.
Референдум арқылы халық ел дамуына байланысты маңызды мәселелерге өз көзқарасын білдіреді. Мұндай жалпыұлттық дауыс беру қоғамдағы бірлік пен жауапкершілікті арттырады. Әр азамат өз таңдауын жасап, елдің ертеңіне бейжай қарамайтынын көрсетеді.
Қоғамның әр саласында еңбек етіп жүрген азаматтар үшін де референдум – ортақ жауапкершілік. Өйткені мемлекет болашағы, елдің тұрақтылығы мен дамуы халықтың белсенділігіне байланысты. Сондықтан әр азамат өз құқығын пайдаланып, ел тағдырына қатысты шешімдерге қатысуы маңызды.
Серік БЕКЖІГІТОВ, ауданның Құрметті азаматы.


