РЕФЕРЕНДУМ – ХАЛЫҚ ҮНІН ЕСТИТІН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

лл.png

Осы тұрғыдан алғанда референдум – халықтың өз болашағына тікелей ықпал етуіне мүмкіндік беретін маңызды демократиялық құрал. Қоғамдық белсенді ретінде мен бұл үдерістің ел өміріндегі рөлі ерекше екенін атап өткім келеді.

Референдум – мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтатын тетік. Халық өз ойын ашық айтып, ел дамуына қатысты маңызды шешімдерге қатыса алады. Бұл – азаматтардың жауапкершілігін арттырып, ел тағдырына бейжай қарамайтын белсенді қоғам қалыптастыруға жол ашады.

Бүгінде қоғамда түрлі пікір бар. Бұл – қалыпты жағдай. Ең бастысы – әр азамат өз таңдауын саналы түрде жасап, ел болашағына бей-жай қарамауы керек. Өйткені референдум нәтижесі тек бүгінгі күнге ғана емес, келешек ұрпақтың өміріне де әсер етеді.

Сондықтан барша азаматтарды референдумға қатысып, өз дауыстарын беруге шақырамын.  

Ахан ЖОЛДЫБАЕВ, қоғам белсендісі.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа Конституция –елдің дамуына жол ашады
  • В Алматинской области широко отмечают 180-летие Жамбыла Жабаева
  • Алматы облысында Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойы дүркіреп өтуде
  • «Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды
  • Жаңа Конституция – Қазақстанның саяси-құқықтық жаңғыруының негізі