Елімізде қолға алынып жатқан Конституциялық реформа – Қазақстанның құқықтық және қоғамдық дамуындағы маңызды кезең. Жаңа Конституция әділеттілік, заң үстемдігі мен тәртіпті басты қағидаттар ретінде айқындап, мемлекеттің әрі қарайғы дамуына берік негіз қалайды.
Сонымен қатар бұл жаңа Конституция жобасы – елдің саяси және құқықтық жүйесін жаңғыртуға бағытталған стратегиялық маңызы бар құжат болып табылады. Мемлекеттік басқаруды жетілдіруді, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуді және билік тармақтарының теңгерімін нығайтуды көздейді.
Реформада мемлекеттіліктің іргетасы – қоғамдық бірлік екені нақты көрсетілген. Қоғамдық ынтымақ, ұлтаралық және конфессияаралық келісім ел тұрақтылығының негізгі тірегі ретінде танылып отыр. Бұл – бейбітшілік пен өзара құрметке негізделген қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды ұстаным.
Сондай-ақ Конституцияда мызғымас құндылықтар өзгеріссіз сақталады. Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігі, унитарлық құрылымы және аумақтық тұтастығы – мемлекеттің ажырамас негізі ретінде бекітілген. Бұл қағидаттар елдің тұтастығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты кепілі болып қала береді.
Жаңа Конституцияда биліктің бастауы – халық деген негізгі қағидаға ерекше мән берілген. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі ретінде айқындалып, азаматтардың ел басқару ісіне қатысуына кең мүмкіндік беріледі. Бұл өзгерістер қоғамдағы сенімді нығайтып, елдің тұрақты дамуына жол ашады.
Нақтырақ айтқанда жаңа Конституция жобасы – елдің саяси және құқықтық жүйесін жаңғыртуға бағытталған стратегиялық маңызы бар құжат. Сонымен қатар мемлекеттік басқаруды жетілдіруді, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуді және билік тармақтарының теңгерімін нығайтуды көздеп отыр.
Жалпы айтқанда Конституциялық өзгерістердің басты мақсаты – заманауи талаптарға жауап беретін, ашық әрі әділетті қоғам қалыптастыру және адам құқықтарының үстемдігі, заңның бәріне ортақтығы, есеп беретін мемлекет қағидаттары басым бағыт ретінде қарастырылады. Азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейту де маңызды тетіктердің бірі болып отыр.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін тарқатар болсақ, жаңа Конституция жобасы әлеуметтік әділеттілік, экономикалық тұрақтылық және өңірлік теңгерімді даму мәселелеріне ерекше назар аударады. Бұл құжат елдің ұзақмерзімді дамуына негіз болатын құқықтық іргетасты нығайтуға және болашақ ұрпақтың мүддесін ескеретін, тұрақты әрі бәсекеге қабілетті мемлекет құруға бағытталған маңызды тарихи шешім.
Бақтығали ДӘУІТБАЙ, «Балқаш өңірі».


