ЖАСТАРДЫҢ ТАҢДАУЫ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ.

image.png

Референдум – әр азаматтың пікірін ескеретін ашық алаң. Мұнда әрбір дауыс маңызды. Сондықтан жастар да бұл үдеріске белсенді қатысып, өз таңдауы арқылы ел дамуына үлес қосуы тиіс. Өйткені бүгін қабылданған шешімдер ертеңгі Қазақстанның келбетін қалыптастырады.

   Қоғамдағы тұрақтылық пен даму – ортақ жауапкершілік. Осы жолда жастардың бірлігі мен белсенділігі ерекше маңызға ие. Ел болашағына бейжай қарамайтын әрбір жас референдумға қатысып, азаматтық позициясын танытады деп сенемін.

     Ендеше, жастар үшін ең басты міндет – ел тағдырына жауапкершілікпен қарап, маңызды шешімдер қабылданатын сәтте белсенді болу. Себебі жастардың таңдауы – жарқын болашақтың кепілі.

                                                 Аида КӨПТІЛЕУ, жастар белсендісі.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Алматинской области широко отмечают 180-летие Жамбыла Жабаева
  • Алматы облысында Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойы дүркіреп өтуде
  • «Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды
  • Жаңа Конституция – Қазақстанның саяси-құқықтық жаңғыруының негізі
  • Кітаппен өткен тағылымды кездесу