РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫ

jb.png

Ақсақал ретінде айтарым – бірлік пен ынтымақ бар жерде ғана береке болады. Референдумға қатысу – әр азаматтың азаматтық борышы. Біз болашақ ұрпаққа тұрақты, дамыған мемлекет қалдыру үшін осындай маңызды сәттерде белсенділік танытуымыз қажет.

Ел тағдырына бейжай қарамай, ортақ іске атсалысу – әрқайсымыздың парызымыз. Сондықтан барша жұртты референдумға қатысып, өз таңдауын жасауға шақырамын. Өйткені халықтың таңдауы – ел болашағының кепілі.

Бүгінде ауыл тұрғындары елдегі өзгерістерге бейжай қарамайды. Жастар да, үлкендер де қоғамдағы маңызды мәселелерге өз көзқарасын білдіруге дайын. Бұл – халықтың саяси белсенділігінің артқанын көрсетеді. Әсіресе жастардың ел болашағына жауапкершілікпен қарауы көңіл қуантады.

Серік БЕКЖІГІТОВ, ауданның Құрметті азаматы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық жаңғыру – жаңа мүмкіндіктер мен ортақ жауапкершілік
  • БАЛҚАШ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ
  • Отечественные технологии для АЭС: какие материалы промышленность может производить для строительства
  • Конституция – халық сенімі мен ел дамуының негізі
  • «Таза ауыл – жарқын болашақ»