Құйған ауылында жаңа Конституция жобасы талқыланды

2.png

 Балқаш ауданындағы Қуйған ауылының тұрғындарымен өткен кездесуде жаңа Конституция жобасының әлеуметтік және құқықтық негіздері түсіндірілді.

 Коалиция мүшелері жаңа редакцияда Қазақстанның әлеуметтік мемлекет екені нақты әрі айқын бекітілетінін және азаматтардың заңда белгіленген тәртіппен ақы алынбай медициналық көмек алуға құқығы сақталатынын атап өтті.

 Коалиция мүшесі Айкынбай Абишев әлеуметтік нормаларға тоқталды.

 «Әлеуметтік мемлекет қағидаты – жай декларация емес. Бұл мемлекет азамат алдындағы міндеттемесін конституциялық деңгейде бекітеді деген сөз. Медициналық көмекке қол жеткізу, әлеуметтік кепілдіктердің сақталуы – ауыл тұрғыны үшін де, қала тұрғыны үшін де бірдей құқық. Жаңа Конституция осы теңдікті нақты құқықтық нормамен бекітеді», – деді ол.

 Кездесу барысында тұрғындар сұрақ қойып, пікір алмасты.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Заң мен тәртіп
  • Таза Қазақстан
  • *Глава государства ознакомился с проектами в сфере искусственного интеллекта и цифровизации*
  • *Мемлекет басшысы жасанды интеллект пен цифрландыру саласындағы жобалармен танысты*
  • Құрметті Алматы облысының тұрғындары мен қонақтары!