Коалиция мүшелері Аралтөбе орта мектебінің ұжымымен кездесті

амина.png

   «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Аралтөбе ауылындағы Аралтөбе орта мектебінің педагогикалық ұжымымен кездесіп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын талқылады.

  Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа редакцияда Қазақстанның әлеуметтік мемлекет екені нақты әрі айқын бекітілетінін атап өтті. Азаматтардың заңда белгіленген тәртіппен ақы алынбай медициналық көмек алуға құқығы сақталатыны, әлеуметтік міндеттемелердің конституциялық деңгейде нақтыланатыны түсіндірілді.

  «Жаңа Конституция әлеуметтік кепілдіктерді қысқартуға емес, оларды нақты әрі құқықтық тұрғыдан айқындауға бағытталған. Әлеуметтік мемлекет қағидаты – декларация емес, бюджет пен заңнамалық міндеттемелер арқылы қамтамасыз етілетін нақты норма. Бұл – азаматтардың денсаулық сақтау мен білім беру саласындағы құқықтарының сақталуының құқықтық кепілі», – деді коалиция мүшесі Марат Нұраұлы.

  Ұжым өкілдері жаңа Конституция жобасының мазмұнына қатысты пікір білдіріп, референдумға қатысуға ниетті екендерін жеткізді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Более 10 тысяч рабочих мест и надежная энергия: ключевые преимущества строительства АЭС
  • 10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықта
  • Президент подписал закон, направленный на усиление правовой защиты педагогов и совершенствование обр
  • «ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ!» — ЗАҢДЫ ҚҰРМЕТТЕУ МЕН САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ІС-ШАРА
  • БОРАЛДАЙДА ЖАСТАР АРАСЫНДА ЕСІРТКІНІҢ ЗИЯНЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРУ АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ