Аудан күріш өндірісімен танымал

12.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының форумында елдің жаңа конституциялық даму бағыты туралы айтты. Президенттің пікірінше, мемлекеттік басқарудың жаңартылған жүйесінде өңірлердің рөлі мен жауапкершілігі арта түседі.  Бұл бағыт аймақтардың экономикалық әлеуетін толық іске асыруға мүмкіндік береді. Соның айқын мысалдарының бірі – Алматы облысындағы Балқаш ауданы. Бүгінде аудан экономикасының негізгі драйвері – ауыл шаруашылығы. Соңғы деректер бойынша ауданның жалпы өңірлік өнімі 62 млрд теңгеден асты, ал экономиканың нақты көлем индексі 103,5% болды.  Өңірде 28 елді мекен мен 15 ауылдық округ бар, олардың басым бөлігі ауыл шаруашылығына маманданған. Аудан күріш өндірісімен де танымал. Бұл көрсеткіштер Президент айтып отырған өңірлік экономиканы дамыту саясатының нақты нәтижелерін көрсетеді. Яғни орталықта қабылданған реформалар жергілікті деңгейде нақты жобалар мен өндіріс көлемінің өсуі арқылы жүзеге асуда.

Қоғам белсендісі – Б.Дәуітбаев


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Более 10 тысяч рабочих мест и надежная энергия: ключевые преимущества строительства АЭС
  • 10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықта
  • Президент подписал закон, направленный на усиление правовой защиты педагогов и совершенствование обр
  • «ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ!» — ЗАҢДЫ ҚҰРМЕТТЕУ МЕН САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ІС-ШАРА
  • БОРАЛДАЙДА ЖАСТАР АРАСЫНДА ЕСІРТКІНІҢ ЗИЯНЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРУ АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ