Заң мен тәртіп

30741ccb-9647-434c-8316-e3f50f9a2664.jpeg

Назар аударыңыздар, балалар!

15–20 тамыз 2026 жыл аралығында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған ЖПІШ өткізіледі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз орта қалыптастыру.

 Іс-шара барысында:

•кәмелетке толмағандармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі;

•құқық бұзушылыққа бейім жасөспірімдермен жеке профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылады;

• ата-аналарға бала тәрбиесі мен жауапкершілік мәселелері түсіндіріледі;

•ойын-сауық орындары мен жасөспірімдер көп жиналатын орындар тексеріледі;

•түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрген кәмелетке толмағандарға қатысты профилактикалық шаралар қабылданады.

Баланың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік!

Ата-аналар, балаларыңыздың бос уақытын бақылап, олардың кіммен араласатынына және қайда жүргеніне назар аударыңыздар.

Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақтың кепілі!


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Алматинской области запустили крупный мясоперерабатывающий завод
  • Алматы облысында ірі ет өңдеу зауыты іске қосылды
  • В селе Нарынкол Алматинской области открыли современную поликлинику и ветеринарную лабораторию
  • Алматы облысының Нарынқол ауылында заманауи емхана мен ветеринариялық зертхана ашылды
  • ЖАҢАРҒАН КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА ҚОҒАМНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ