«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы тазалық жұмыстары

89a38aa2-e417-4aa1-be94-c45b0c6bc3f0.jpeg

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ауылдық округ аумағында санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Сенбілікке ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері және белсенді азаматтар қатысып, туған жердің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты. Тазалық жұмыстары барысында ауыл аумағындағы көшелер, қоғамдық орындар, аулалар мен басқа да аумақтар қоқыстан тазартылып, жиналған тұрмыстық қалдықтар арнайы орындарға шығарылды. Сонымен қатар, айналаны ретке келтіру, абаттандыру және қоршаған ортаның санитарлық жағдайын жақсарту бағытында жұмыстар атқарылды.

Мұндай сенбіліктердің негізгі мақсаты – ауыл аумағының тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және туған жерге деген жауапкершілікті арттыру. Таза әрі көрікті ауыл – барша тұрғындардың ортақ еңбегінің нәтижесі.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы тазалық жұмыстары
  • Алкогольге жол жоқ
  • Жол қауіпсіздігі
  • Жаңа Конституция
  • Заң мен тәртіп