Алматы облысында онкологиялық аурулардың алдын алу жұмыстары жүргізілуде

ea306110-8297-4b76-9fa6-cb68784f12e8.jpeg

Қазан айы бүкіл әлемде сүт безі қатерлі ісігі туралы ақпараттандыруға арналған «Қызғылт қазан» айлығы ретінде аталып өтілуде. Халықаралық бастаманың басты мақсаты — қатерлі ісіктің алдын алу және әйелдердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру.

Қазіргі таңда елімізде онкологиялық дертпен Д-есепте тұрған науқастар саны 240 мыңға жеткен. Ал өткен жылы 41 мыңға жуық азамат қатерлі ісік диагнозымен есепке алынған. Дегенмен, медициналық көмектің сапасы артып, елімізде өлім-жітім көрсеткіші 14%-ға азайған.

Өңірдегі жағдай мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы Алматы аймақтық көпсалалы клиникасының онколог-маммолог дәрігері Айгерім Бауыржанқызы былай деді: «Сүт безі қатерлі ісігі — әйелдер арасында ең жиі кездесетін онкологиялық аурулардың бірі. Ауруды ерте кезеңде анықтау емнің тиімділігін жоғарылатады. Бүгінде Алматы аймағында 12 285 науқас онкологиялық есепте тіркеуде тұр. Ал сүт безі обырымен 2 790 науқас бақылауда, олардың 1 488-і 5 жылдан астам уақыт бойы сәтті емделіп келеді. Тұрғындарға скринингтен уақтылы өтудің маңызы зор».

Өңірдегі шалғай елді мекен тұрғындарын тексеру үшін жылжымалы медициналық кешендер белсенді жұмыс істеуде. Компьютерлік томография, цифрлық маммография және заманауи УДЗ аппараттарымен жабдықталған кешендер жыл басынан бері 48 елді мекенді қамтыған. Тексерулер нәтижесінде 32 қатерлі ісік және 542 ісікке дейінгі жағдай анықталған.

Өз кезегінде Алматы аймақтық көпсалалы клиникасының операциялық бөлімінің меңгерушісі Дәулет Есқожаұлы да азаматтарды сақтыққа шақырады: «Скрининг — ешқандай шағымы жоқ адамдарда ауруды ерте анықтауға бағытталған. Егер сүт безінде қандай да бір өзгеріс немесе күмәнді белгі байқалса, скринингті күтпей, бірден дәрігерге жүгіну қажет. Ерте анықтау — адам өмірін сақтаудың ең басты жолы».

Дәрігерлер барлық әйелдерді өз денсаулығына бейжай қарамай, профилактикалық тексерулерден тұрақты өтіп тұруға үндейді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысында онкологиялық аурулардың алдын алу жұмыстары жүргізілуде
  • Таза Қазақстан
  • Қоғамның дамуына қатысуға құқық береді
  • Заң мен тәртіп
  • «Заңды білу – өз құқығыңды білу»