БАС ЖҮЛДЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, АЗАМАТ ҰСТАЗ!

IMG_9578.jpeg

Ауыл арасында өткен «Жігіт сұлтаны» байқауында мектебіміздің мақтанышы, дене шынықтыру және бастапқы әскери даярлық пәндерінің мұғалімі Несіпбек Азамат Жанболатұлы топ жарып, БАС ЖҮЛДЕНІ иеленді! 

Бұл — нағыз жігітке тән жігердің, қайсарлықтың, білім мен біліктің, өнер мен өрліктің айқын көрінісі!

 Ел намысын биік ұстап, азаматтық болмысы мен жігіттік қасиетін таныта білген ұстазымыздың жеңісі — бәріміз үшін үлкен мақтаныш!

Жеңісіңіз құтты болсын, Азамат Жанболатұлы! Абыройыңыз асқақтап, мерейіңіз үстем болсын! Шәкірттеріңізге үлгі болып, биік белестерді бағындыра беріңіз! Әр жеңісіңіз жаңа жетістіктерге жол ашсын!

 БІР БАС ЖҮЛДЕ — БІР ҮЛКЕН МАҚТАНЫШ!

 Несіпбек Азамат Жанболатұлы — «Жігіт сұлтаны» байқауының БАС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ! 



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Что происходит внутри ядерного реактора за одну секунду: от деления атомов до электричества
  • Алматы облысында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бағдарламасы жүзеге асырылуда
  • «Саған кітап сыйлаймын» акциясы аясында
  • «Ауылым – алтын бесігім» атты облыстық байқау өтті.
  • БАС ЖҮЛДЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, АЗАМАТ ҰСТАЗ!