
Қымбатты әріптесім!
«Саған кітап сыйлаймын» акциясы аясында Сізге Ораз Қауғабайдың «Таңғажайып Қонаев» атты кітабын шын жүректен сыйға тартамын!
Бұл кітап ұлтымыздың ұлы тұлғасы Дінмұхаммед Қонаевтың өнегелі өмірі мен ел үшін атқарған еңбегінен сыр шертсін. Әрбір оқыған бетіңіз ой салып, рухани дүниеңізді байытып, жаңа шабыт сыйласын!
Кітап — сарқылмас қазына, білімнің бастауы, рухани байлықтың қайнар көзі. Сыйға тартылған осы кітап жүрегіңізге жылулық, көңіліңізге қуаныш сыйласын!
Кітап сыйлау — ізгілік сыйлау!
Ізгі тілекпен, әріптесіңіз!


