
Оқу-тәрбие жоспарына сәйкес 2–4-сынып білім алушыларының оқылым дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтау мақсатында оқу машығы тексерілді.
Тексеру барысында оқушылардың оқу жылдамдығына, мәтінді дұрыс әрі мәнерлеп оқуына, оқыған мәтінінің мазмұнын түсінуіне және оны өз сөзімен жеткізе білу дағдыларына назар аударылды.
Оқылым дағдысы – білім алушының сауатты оқуына, ойлау қабілетінің дамуына, сөздік қорының молаюына және білімді меңгеруіне негіз болатын маңызды дағдылардың бірі.
Оқу сауаттылығы – оқушының білім алу үдерісіндегі басты көрсеткіштердің бірі. Мәтінді түсініп оқу, негізгі ойды анықтау және оқығанын жүйелі түрде баяндау баланың танымдық қабілетін дамытып, өз ойын еркін жеткізуіне мүмкіндік береді.
Басты мақсатымыз – әр оқушының оқу сауаттылығын арттырып, кітап оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру және сапалы білім алуына жағдай жасау!


