17 қараша – Халықаралық шала туған нәрестелер күні!

IMG_0445.jpeg

Жыл сайын 17 қарашада уақытынан бұрын дүниеге келіп, өмір үшін күресіп жатқан кішкентай батырларға құрмет көрсетіледі. Бұл күн – олардың өмірге деген құштарлығын, ерекше төзімділігін және ата-аналарының үміті мен сенімін дәріптейтін маңызды күн.

Шала туған нәрестелер – өмірге деген шексіз құштарлықтың, қайсарлық пен төзімділіктің символы. Олардың әрбір тынысы, әрбір жетістігі – ата-анасы үшін үлкен қуаныш, ал медицина қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің жемісі.

Сәбилердің өмірін сақтап қалу жолында аянбай еңбек етіп жүрген барлық неонатологтарға, акушерлерге және медицина қызметкерлеріне шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз, мейірімдеріңіз бен жанашырлықтарыңыз талай отбасыға үміт сыйлап келеді.

Кішкентай жүректер әрдайым соғып, әрбір сәби аман-есен өсіп, бақытты балалық шақтың қызығын көрсін!



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Отан қорғау – ер азаматтың қасиетті парызы
  • Жаңа Конституция –болашақтың бастауы
  • 17 қараша – Халықаралық шала туған нәрестелер күні!
  • Әрбір оқылған кітап – жаңа әлем, әрбір бағындырған белес – үлкен жетістік!
  • Оқу машығын тексеру – білім сапасын арттырудың маңызды қадамы