
2026 жылдың 10 айында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында бірқатар жұмыс атқарылды. Негізгі көрсеткіштер: 4 мыңнан аса өтініш қабылданды. Нәтижесінде 178 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 4,3 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда азаматтардан түскен өтініштер саны 3 есеге артқан. Бұл – тұрғындардың өз құқықтарын қорғауға деген белсенділігінің артып келе жатқанының көрсетеді.


