Коалиция өкілдері ауыл жұртшылығымен саяси жүйе реформасын талқылады

jd.png

Балқаш ауданындағы Топар елді мекенінде өткен кездесуде жаңа Конституция жобасындағы саяси жаңғырту 

нормалары жан-жақты түсіндірілді.


Коалиция мүшелері заң шығару билігінің жаңа моделі, Конституциялық Соттың құрылуы және кадрлық шешімдерді 

Құрылтай келісімімен қабылдау тетігіне тоқталды.


Коалиция мүшесі Галия Жусупова реформаның жүйелік сипатын атап өтті.


«Жаңа Конституция билік тармақтарының тепе-теңдігін күшейтеді. Конституциялық Сот тәуелсіз орган ретінде 

заңдардың Негізгі заңға сәйкестігін тексереді. Заң шығару билігі толықтай сайланған өкілдерге тиесілі болады.

 Бұл – басқарудың жаңа сапасы. Яғни, шешім қабылдау жүйесі ашық әрі жауапты болмақ», – деді ол.


Тұрғындар алдағы референдумның тарихи маңызын атап өтті.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 9 бағыт бойынша
  • 9 бағыт бойынша
  • 9 бағыт бойынша
  • Құрылтай сайлауының - маңызы зор
  • Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?