Коалиция мүшелері Балатопар тұрғындарымен кездесті

kd.png

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының 

мүшелері Балқаш ауданындағы Балатопар жұртшылығымен кездесу өткізді.


Кездесуде жаңа Конституция жобасындағы меншік пен табиғи ресурстарға қатысты нормалар талқыланды. 

Атап айтқанда, 8-баптың 3-тармағына сәйкес жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар 

дүниесі, өзге де табиғи ресурстар халыққа тиесілі екені атап өтілді.


Коалиция мүшесі Марат Нұраұлы бұл норманың маңызын кеңінен түсіндірді.


«Жер – бұл жай экономикалық ресурс емес, ұлттық байлық. Жаңа редакцияда табиғи ресурстардың халыққа 

тиесілі екені нақты бекітіледі. Бұл – стратегиялық маңызы бар норма. Ол жер мен байлықтың ел мүддесіне 

қызмет етуін конституциялық деңгейде айқындайды. Ауыл тұрғындары үшін бұл – жер қатынастарының 

құқықтық негізінің айқын әрі әділетті болуына кепілдік», – деді ол.


Тұрғындар кездесуге белсенді қатысып, өз ұсыныстарын білдірді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ІІМ азаматтарға үндеу жасады
  • В ЦКР разъяснили правила агитации и проведения опросов вреддверии референдума
  • ОРК референдум қарсаңындағы үгіт пен қоғамдық пікірге сауал жүргізу қағидаларын түсіндірді
  • В день референдума каждые два часа будет передаваться информация о ходе голосования
  • Референдум комиссиялары республикалық референдумды өткізуге толық дайын