
Кыстаубаев Алмас Абдижаппарович - 1985 жылы Көктал ауылында дүниеге келген.
2003 – 2007 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Т.Рысқұлов атындағы Экономикалық Университетте Қаржы бакалавры бойынша білім алған.
2007 – 2008 жылдары Агрофирма «Бірлік» ЖШС – де есепші, бөлім меңгерушісі міндеттерін атқарған.
2008 жылы Қапшағай қаласының Қаржы бөлімінің жетекші маманы қызметін атқарса, ал 2008 – 2010 жылдар аралығында Халықаралық Бизнес мектебінде Қаржы магисттрі білімін алған.
2010 – 2011 жылдарда Агрофирма « Бірлік » ЖШС – де директордың орынбасары қызметін атқарған.
2011 жылы Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық Министрлігінде жетекші маман қызметін атқарған. 2012 – 2013 жылдары Астана қаласы, Алматы ауданы бойынша Салық басқармасының жетекші бас маман, 2013 – 2014 жылдары бөлім басшысы қызметінде болған.
2014 – 2017 жылдар аралығында «KEGOC» АҚ -да бас маман болып қызмет атқарған.
2017 – 2019 жылдар Агрофирма « Бірлік» ЖШС – де директордың орынбасары болып қызмет атқарған.
2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Агрофирма « Бірлік » ЖШС – нің директоры қызметін атқарып келеді.
Отбасында үш қыз, бір ұл тәрбиелеп отырға өнегелі әке.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті Алматы облысының азаматтары!
Мен, Кыстаубаев Алмас Абдижаппарович, «Ауыл» партиясының қолдауымен №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Алматы облыстық мәслихатының депутаттығына өз кандидатурамды ұсынамын.
Менің өмірім мен еңбек жолым ауыл шаруашылығымен тығыз байланысты. Бүгінде «Бірлік» агрофирмасы» ЖШС директоры ретінде ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту, егін және мал шаруашылығын өркендету, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бағытында еңбек етіп келемін.
Кәсіпкерлік қызмет барысында ауыл шаруашылығы саласының өзекті мәселелерімен, шаруалардың күнделікті қиындықтарымен және ауыл экономикасын дамытудың маңыздылығымен етене таныстым. Бұл тәжірибе туған өлкемнің дамуына өз үлесімді қосуға деген жауапкершілігімді арттыра түсті.
Ауыл шаруашылығы саласында еңбек ете жүріп, ауылдың тыныс-тіршілігін, шаруалардың күнделікті жұмыс барысында кездесетін қиындықтарын, ауыл тұрғындарының талап-тілектері мен мұң-мұқтажын жақсы түсінемін. Ауылдың дамуы ең алдымен еңбек адамына жасалған жағдайға, өндірістің өркендеуіне және халықтың тұрақты жұмыспен қамтылуына тікелей байланысты. Сондықтан ауыл шаруашылығы саласын қолдау, шаруа қожалықтарының дамуына мүмкіндік жасау, шағын және орта кәсіпкерлікті өркендету, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ету басты назарымда болады.
Сонымен қатар ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған мәселелердің шешілуіне ерекше көңіл бөлуді көздеймін. Атап айтқанда, ауылішілік жолдардың сапасын жақсарту, елді мекендерді таза ауызсумен қамтамасыз ету, инженерлік-коммуникациялық желілерді дамыту, көшелерді жарықтандыру және абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу – уақыт күттірмейтін маңызды міндеттер. Бұл мәселелердің барлығы тұрғындардың күнделікті тұрмысымен тығыз байланысты болғандықтан, олардың шешілуіне өз үлесімді қосуға күш саламын.Білім мен денсаулық – ұлт болашағы - Білім беру мекемелерінің материалдық жағдайын жақсарту мәселесін көтеру;- Ауылдық жерлердегі медициналық қызмет сапасын арттыруға ықпал ету;
- Балалардың сапалы білім мен тәрбие алуына қолдау көрсету;
Спорт пен бұқаралық мәдениетті дамыту.Жастар мен әлеуметтік осал топтарды қолдау- Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру;
Ардагерлер мен қарттарға құрмет көрсету;
Ауыл мектептері мен балабақшалардың материалдық-техникалық базасын нығайту, ғимараттарының жағдайын жақсарту мәселелерін көтеру.
Білім беру ұйымдарындағы оқушылардың сапалы білім алуына және жан-жақты дамуына қажетті жағдай жасауға қолдау көрсету. Жастарды жұмыспен қамту, олардың кәсіби білім алуына және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруіне ықпал ету.
Жас кәсіпкерлердің бастамаларын қолдап, мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдетілген қаржыландыру мүмкіндіктері туралы ақпараттың қолжетімді болуына атсалысу.
Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, мәдени-рухани және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған бастамаларды қолдау.
Кәсіпкерлермен, шаруа қожалықтарының басшыларымен және ауыл тұрғындарымен тұрақты кездесулер өткізіп, олардың өтініштері мен ұсыныстарын жүйелі түрде жинақтау. Халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелерді мәслихат отырыстарында көтеріп, тиісті органдармен бірлесе отырып, шешу жолдарын қарастыру. Атқарылған жұмыстардың нәтижесі туралы тұрғындарға ашық әрі жүйелі түрде есеп беріп отыру.
Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, мәдени-рухани және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған бастамаларды қолдау.
Ардагерлер мен қарттарға құрмет көрсету; - Ерекше қажеттілігі бар азаматтарға қолайлы орта қалыптастыруға атсалысу.
Тазалық пен экологиялық мәдениет «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасын қолдау;- Аудан аумағын көгалдандыру және көркейту;- Заңсыз қоқыс орындарының алдын алу;
Әлеуметтік сала да назардан тыс қалмауы тиіс. Әсіресе, жастардың сапалы білім алып, тұрақты жұмысқа орналасуына, кәсіп бастауына және өз қабілетін туған жерінде жүзеге асыруына қолайлы жағдай жасау маңызды. Сонымен бірге ардагерлерге құрмет көрсету, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қолдау білдіру, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қажеттіліктеріне назар аудару – қоғам алдындағы ортақ парызымыз. Ал халық сенімі – аманат, ал сол аманатқа адал болу – менің басты ұстанымым!
Ауылдың дамуы – елдің дамуы!
Халықтың сенімін ақтау мақсатында төмендегі бағыттарға ерекше назар аударуды көздеймін:
Ауыл шаруашылығын дамыту: егін және мал шаруашылығын қолдау, заманауи технологияларды енгізу, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруға ықпал ету.
Жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау- Жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал ету.
Фермерлер мен кәсіпкерлерді қолдау: ауыл шаруашылығы өндірушілерінің мәселелерін көтеру, мемлекеттік қолдау тетіктерінің қолжетімділігін арттыру және ауыл кәсіпкерлерінің дамуына жағдай жасау.
Ауыл инфрақұрылымын жақсарту: ауылдардағы жол, ауыз су, электр энергиясы, газ және басқа да инженерлік желілер мәселелерінің шешілуіне ықпал ету.
Ауылда жұмыс орындарын ашу: ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын дамыту, инвестиция тарту және ауыл тұрғындары үшін тұрақты жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту.
«Ауылдың өркендеуі – ауыл адамының әл- ауқатынан басталады. Сондықтан әрбір бастаманың нәтижесі халықтың тұрмысынан көрінуі тиіс. Мен үшін туған жердің дамуына үлес қосу – үлкен жауапкершілік».
Бірлігімізді нығайтып, ауылымыздың әлеуетін бірге арттырайық!
«Ауыл» партиясын қолдаңыздар!


