29 қараша-ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы

image.png

Мен, Балтабаев Айдос Жуматаевич, Желтораңғы ауылында туып-өстім. Мамандығым – мұғалім. Қызметім қарапайым мұғалімдік қызметтен мектеп директоры лауазымына дейінгі жолым. Менің бүкіл салалы өмірім білім беру саласымен, өскелең ұрпақты тәрбиелеумен және мектеп ұжымын басқарумен тығыз байланысты.

Кәсіби қызметім барысында инфрақұрылымды күтіп ұстау және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау мәселелерімен айналыстым. Осы тәжірибе нақты шешімдер қабылдау мен ашық есеп берудің маңызын ұғындырды.

Ауданның дамуы халықты күнделікті толғандыратын мәселелерді шешуден басталады. Олар – жолдардың жағдайы, ауызсудың сапасы, медицина мен білімнің қолжетімділігі, жұмыс орындары және балаларымыздың болашағы.

Әрбір елді мекенге тиісті көңіл бөлініп, тұрғылықты жеріне қарамастан барлық тұрғынға лайықты өмір сүру жағдайы жасалуға тиіс деп сенемін. Мен үшін әділдік пен халық алдындағы жауапкершіліктің мәні осында.

 

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

2027 жылы Желтораңғы ауылындағы Аэродромная және Жастар көшелерінің және Ақжар ауылындағы Ақжар көшесінің, Аралтөбе ауылындағы Момышұлы көшелерінің жөндеуді қажет ететін учаскелерін жөндеуге қол жеткізу. Аудандағы елді мекендер арасындағы көлік қатынасын жақсартуға, қоғамдық көліктің тұрақты жүруін қамтамасыз етуге және жолдарды сапалы күтіп ұстауға жәрдемдесу.

Ақжар ауылының сумен жабдықтау мәселелерін шешуге, тозған инженерлік желілерді жөндеуге қол жеткізу.Желтораңғы ауылындағы Аэродромная көшесін электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуге және көшелерді жарықтандыру аясын кеңейтуге ерекше көңіл бөлу. 2029 жылға дейін Ақжар, Аралтөбе,Желтораңғы елді мекендерін  газбен қамтамасыз етуге үлес қосу. Газ тарату жүйесіне қосу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бұл жеке секторды газдандыру мәселесі де бүгінгі таңда өзекті болып отырған ауданымыздың экологиялық мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.                

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие беру аясын кеңейтуге, жеке қосалқы шаруашылықтарды, отбасылық кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға жәрдемдесу. Аудан тұрғындары үшін мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға қол жеткізу.

Жайылым жерлерді қайтару: Ауыл маңындағы заңсыз иемделінген немесе пайдаланылмай жатқан жайылымдық жерлерді мемлекет меншігіне қайтарып, жергілікті тұрғындардың малын бағуға беру. Су ресурстарын тиімді пайдалану: Тозығы жеткен арықтар мен каналдарды жөндеу, тазалау; егіншілікте су үнемдейтін технологияларды (тамшылатып суару) енгізуге субсидия бөлу.

Жеңілдетілген гранттар мен несиелер: Жастар мен әйелдерге өз ісін ашу үшін берілетін мемлекеттік гранттар мен жеңілдетілген несиелердің (мысалы, «Ауыл аманаты» жобасы) ауыл тұрғындарына қолжетімділігін арттыру және құжат жинауға көмектесу.Үй маңы шаруашылықтарын (ЛПХ) кооперациялау: Жеке аулалардың өнімін (ет, сүт, жүмыртқа, көкөніс) біріктіріп, қалалық нарықтарға өткізуге арналған кооперативтер құруға заңгерлік және ұйымдастырушылық көмек көрсету.

Желтораңғы, Ақжар, Аралтөбе ауылдарында медициналық  көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында заманауи талаптарға сай жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) салуды қолдау.

Желтораңғы ауылындағы Д.Қонаев атындағы орта мектепті 2028 жылы күрделі жөндеуден өткізу және материалдық-техникалық жабдықталуын заманауи талаптарға сай  жақсартуға, қолдау көрсету. 2029 жылы Ақжар, Аралтөбе ауылдарында балалар және спорт алаңдарын дамытуға басымдық беру.

Қарт адамдар, көп балалы отбасылар және мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің ауылдық жерде қолжетімді болуын қамтамасыз етуге күш салу. Әлеуметтік осал топтағы азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға, атаулы әлеуметтік көмек пен жәрдемақылардың уақытылы және әділ тағайындалуына, сондай-ақ аудан мекемелерінде кедергісіз орта қалыптастыруға жәрдемдесу.

Ұялы байланыс пен интернет сапасын жақсартуға, сондай-ақ ауданның шалғай елді мекендеріндегі қамту аясын кеңейтуге қол жеткізу. Ауылдық мекемелерді цифрландыруды және электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруды қолдау.

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында Желтораңғы және Ақжар, Аралтөбе ауылдарында көшелерін абаттандыруға, қалдықтарды жинау мен шығару жүйесін жақсартуға, елді мекендерді көгалдандыруға және жайлы қоғамдық кеңістіктер құруға қол жеткізу.

Баспанаға мұқтаж көпбалалы отбасыларды, әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарды және тұрғын үй кезегінде тұрған тұрғындарды қолдау шараларының тиімді жүзеге асуына атсалысамын. Бұл бағытта тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыс жүргізіп, тұрғын үй құрылысына жеке инвестиция тарту мүмкіндіктерін де қарастырамын.

Ауыл көшелерінің жағдайы – тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін маңызды мәселе. Сапалы жол – балалардың мектепке қауіпсіз қатынауына, тұрғындардың емханаға, жұмыс орындарына және басқа да қажетті нысандарға кедергісіз жетуіне мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы – аудан экономикасының негізгі тіректерінің бірі. Сондықтан қарапайым шаруа қожалықтарының дамуына жағдай жасау, олардың мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізуіне көмектесу маңызды деп есептеймін.

Мемлекеттік субсидиялар мен жеңілдетілген несиелердің ірі шаруашылықтармен қатар шағын және орта шаруа қожалықтарына да қолжетімді болуына ықпал етемін. Шаруалардың құжат рәсімдеу, қаржыландыру бағдарламаларына қатысу және мемлекеттік қолдау алу барысында кездесетін мәселелерін тиісті мекемелер алдында көтеремін.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға, жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуға, мал және егін шаруашылығымен айналысатын азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейтуге қолдау көрсетемін.

Округтегі кәсіпкерлердің ұсыныстары мен мәселелерін назарға алып, олардың заңды мүдделерін қорғауға және кәсіпкерлік қызметті дамытуға кедергі келтіретін мәселелерді шешу жолдарын іздестіруге атсалысамын. Нәтижесінде жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін арттыруға және аудан экономикасының нығаюына үлес қосуды көздеймін.

Спортпен шұғылданатын балалар мен жастардың аудандық, облыстық және республикалық жарыстарға қатысуына қолдау көрсетіп, олардың жол шығындары мен қажетті ұйымдастыру мәселелерін шешуге ықпал етемін.

Жер – ауылдың негізгі байлығы, ал оны тиімді пайдалану – экономикалық дамудың маңызды шарты. Ауыл маңындағы және аудан аумағындағы мақсатты пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтап, оларды заң аясында мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жандандыру мәселесін көтеремін.

Бұл бастама ауылдағы жер ресурстарын тиімді игеруге, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ауыл тұрғындарының табысын арттыруға мүмкіндік береді деп сенемін.

Туған жеріміздің өркендеуі, ауылдарымыздың көркеюі, тұрғындарымыздың әл-ауқатының артуы жолында аянбай еңбек етуге дайынмын.

Бірлігіміз бекем, тірлігіміз берекелі болса, алынбайтын асу жоқ.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Строительство набирает темпы: с какими результатами Казахстан подходит к Году Всенародной большой ст
  • Құрылыс қарқыны артып келеді: Қазақстан Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылына қандай нәтижелермен қад
  • 29 қараша-ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы
  • 29 қараша-ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы
  • 29 қараша-ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы