
Мен, Денгельбаев Ердос Адилович, Бақанас ауылында туып-өстім. Мамандығым – гидроэколог су маманы. Қызметім су шаруашылығы және жергілікті егістікке су беруді қамтамасыз ету және тұрғындардың өтініштерімен байланысты болды.
Кәсіби қызметім барысында су ресурстарын ұтымды және ысырапсыз пайдалану және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау мәселелерімен айналыстым. Осы тәжірибе нақты шешімдер қабылдау мен ашық есеп берудің маңызын ұғындырды.
Ауданның дамуы халықты күнделікті толғандыратын мәселелерді шешуден басталады. Олар – жолдардың жағдайы, ауызсудың сапасы, медицина мен білімнің қолжетімділігі, жұмыс орындары және балаларымыздың болашағы.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Мамандығым – гидроэколог су маманы. Қызметім су шаруашылығы және жергілікті егістікке су беруді қамтамасыз ету және тұрғындардың өтініштерімен байланысты болды.
Кәсіби қызметім барысында су ресурстарын ұтымды және ысырапсыз пайдалану және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау мәселелерімен айналыстым. Осы тәжірибе нақты шешімдер қабылдау мен ашық есеп берудің маңызын ұғындырды.
Ауданның дамуы халықты күнделікті толғандыратын мәселелерді шешуден басталады. Олар – жолдардың жағдайы, ауызсудың сапасы, медицина мен білімнің қолжетімділігі, жұмыс орындары және балаларымыздың болашағы.
1. ЖОЛДАР МЕН КӨЛІК
2027 жылы Балатопар ауылындағы Айнабеков және Әбіләш көшелерін орташа жөндеуге қол жеткізу. Топар ауылындағы Түркіменов және Оңғарбаев көшелерін орташа жөндеуге және Аманқұлов, Дауылбаев, Бекқұлов көшелеріне тас төгу жұмыстарына қол жеткізу. Аудандағы елді мекендер арасындағы көлік қатынасын жақсартуға, қоғамдық көліктің тұрақты жүруін қамтамасыз етуге және жолдарды сапалы күтіп ұстауға жәрдемдесу.
2. СУМЕН ЖӘНЕ ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ, КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Ауылдарды сумен жабдықтау мәселелерін шешуге, тозған инженерлік желілерді жөндеуге қол жеткізу. Ауылдық елді мекендерді электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуге және Х.Мұхтарұлы және Желтоқсан көшелерін жарықтандыру аясын кеңейтуге ерекше көңіл бөлу.
Қуатты өңірлер – қуатты ел!
3. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие беру аясын кеңейтуге, жеке қосалқы шаруашылықтарды, отбасылық кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға жәрдемдесу. Аудан тұрғындары үшін мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға қол жеткізу.
4. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ
Жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету, ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту және ауыл шаруашылығы қызметтерінің қолжетімділігін арттыру мәселелерінде ауыл тұрғындарының мүддесін қорғау.
5. СУ РЕСУРСТАРЫН ҮНЕМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ТОПАР ӨЗЕНІН ТАЗАЛАУ
Су шаруашылығы маманы ретіндегі тәжірибемді пайдалана отырып, су ресурстарын ұтымды әрі үнемді пайдалану, су желілеріндегі шығынды азайту мәселелерін көтеру. Топар өзені арнасын механикалық тазалау жұмыстарын ұйымдастыруға және осы арқылы Балатопар ауылын сумен қамтамасыз ету мәселесіне жәрдемдесу.
6. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА
Балатопар және Топар ауылдарындағы медициналық нысандарға күрделі жөндеу жүргізу, олардың материалдық-техникалық жабдықталуын жақсарту мәселелерін көтеру. Бейінді дәрігерлердің қызметін қолжетімді етуге, шалғай ауылдарда медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға ықпал ету. «Дипломмен ауылға» жобасын қоса алғанда, мемлекеттік қолдау тетіктері арқылы медицина мамандарын тартуды қолдау.
7. ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ
Балатопар және Топар ауылдарында орта мектептерінің материалдық-техникалық жабдықталуын жақсартуға, күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне қол жеткізу. Осы ауылдарда балалар ойын алаңын және саябақ салуға ықпал етуге және спорт алаңдарын дамытуға басымдық беру.
8. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ
Қарт адамдар, балалы отбасылар және мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз етуге күш салу. Әлеуметтік осал азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға жәрдемдесу.
9. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ПЕН ИНТЕРНЕТ
Балатопар және Топар ауылдарында ұялы байланыс пен интернет сапасын жақсартуға қол жеткізу.
10. Мәдениет үйлері туралы
Топар ауылындағы мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізу мәселесін тиісті жоспарлар мен бюджетке енгізуге ықпал ету. Ауыл тұрғындарының мәдени демалысына, шығармашылық үйірмелер мен қоғамдық іс-шаралардың дамуына жағдай жасау бастамаларын қолдау.
11. ТАЗА ӘРІ АБАТТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЛДАР
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында Балатопар ауыл маңында орналасқан қоқыс полигонын қоршау жұмыстарын жасауға, қалдықтарды жинау мен шығару жүйесін жақсартуға, елді мекендерді көгалдандыруға және жайлы қоғамдық кеңістіктер құруға қол жеткізу.
Баспанаға мұқтаж көпбалалы отбасыларды, әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарды және тұрғын үй кезегінде тұрған тұрғындарды қолдау шараларының тиімді жүзеге асуына атсалысамын. Бұл бағытта тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыс жүргізіп, тұрғын үй құрылысына жеке инвестиция тарту мүмкіндіктерін де қарастырамын.
Ауыл көшелерінің жағдайы – тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін маңызды мәселе. Сапалы жол – балалардың мектепке қауіпсіз қатынауына, тұрғындардың емханаға, жұмыс орындарына және басқа да қажетті нысандарға кедергісіз жетуіне мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығы – аудан экономикасының негізгі тіректерінің бірі. Сондықтан қарапайым шаруа қожалықтарының дамуына жағдай жасау, олардың мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізуіне көмектесу маңызды деп есептеймін.
Мемлекеттік субсидиялар мен жеңілдетілген несиелердің ірі шаруашылықтармен қатар шағын және орта шаруа қожалықтарына да қолжетімді болуына ықпал етемін. Шаруалардың құжат рәсімдеу, қаржыландыру бағдарламаларына қатысу және мемлекеттік қолдау алу барысында кездесетін мәселелерін тиісті мекемелер алдында көтеремін.
Сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға, жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуға, мал және егін шаруашылығымен айналысатын азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейтуге қолдау көрсетемін.
Округтегі кәсіпкерлердің ұсыныстары мен мәселелерін назарға алып, олардың заңды мүдделерін қорғауға және кәсіпкерлік қызметті дамытуға кедергі келтіретін мәселелерді шешу жолдарын іздестіруге атсалысамын. Нәтижесінде жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін арттыруға және аудан экономикасының нығаюына үлес қосуды көздеймін.
Бірлігіміз бекем, тірлігіміз берекелі болса, алынбайтын асу жоқ.


