29 қараша-ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы

image.png

Қамзина Бибігүл Мұхамәдиқызы, Қарой ауылында туып,өстім. Мамандығым ұлт мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Еңбек жолымды Қарой ауылындағы “Үлгілі” орта мектебінде мұғалім,директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директоры қызметтерін атқардым.

Менің басты мақсатым — ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту, ауылдың әлеуметтік - экономикалық дамуына ықпал ету, халықтың талап-тілегін билікке жеткізу және әрбір азаматтың мүддесін қорғау. Уақыт пен заң талабына сай болу мақсатында ауданның қоғамдық-саяси, әлеуметтік өзгерістердің бел ортасында жүріп, халық пен атқарушы биліктің арасындағы байланысты нығайтуға ат салысып, халықтың тұрмыс-тіршілігін нығайтуға өз үлесімді қосу.

«Әділет» партиясының құндылықтарын басшылыққа ала отырып, ашықтық, жауапкершілік, заңдылық және халықпен тығыз байланыс қағидаттарын ұстанамын. Мен үшін ауылдың әрбір тұрғынының пікірі маңызды, ал әрбір өзекті  мәселе назардан тыс қалмауы тиіс.

 

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

1.      ЖОЛДАР МЕН КӨЛІК

2027 жылы Көктал ауылындағы Базарқұл және М.Мәметова көшелерінің, Қарой ауылындағы С. Досболов және Қ. Есімбеков көшелерін  жөндеуге қол жеткізу. Аудандағы елді мекендер арасындағы көлік қатынасын жақсартуға, қоғамдық көліктің тұрақты жүруін қамтамасыз етуге және жолдарды сапалы күтіп ұстауға жәрдемдесу.

2. СУМЕН ЖӘНЕ ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ, КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Көктал ауылындағы Мәншүк Мәметова, О. Жандосов, М. Әуезов және Қарой ауылындағы Есімбеков көшелерін электрмен жабдықтауға ықпал ету. Қарой ауылындағы сумен жабдықтау мәселелерін шешуге, тозған инженерлік желілерді жөндеуге қол жеткізу. Ауылдық елді мекендерді электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуге және көшелерді жарықтандыру аясын кеңейтуге ерекше көңіл бөлу.                 

Қуатты өңірлер – қуатты ел!

 

3. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие беру аясын кеңейтуге, жеке қосалқы шаруашылықтарды, отбасылық кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға жәрдемдесу. Аудан тұрғындары үшін мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға қол жеткізу.

4. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету, ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту және ауыл шаруашылығы қызметтерінің қолжетімділігін арттыру мәселелерінде ауыл тұрғындарының мүддесін қорғау. Жергілікті фермерлер мен жеке қосалқы шаруашылықтардың өнімдерін сатуға арналған, тиісті түрде жабдықталған алаң құруға қол жеткізу.

5. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫ

Шағын бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және инвестиция тарту арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашуды қолдау. Халықты жұмыспен қамтуға, кәсіптік оқытуға және жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мемлекеттік шараларды іске асыруға жәрдемдесу.

6. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА

Ауылдық аурухананың жабдықталуын жақсартуға, бейінді дәрігерлердің қызметі мен шалғай ауылдардағы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға қол жеткізу. «Дипломмен ауылға» жобасын қоса алғанда, мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану арқылы медицина кадрларын тартуды қолдау.

7. ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

Қарой ауылындағы “Үлгілі” , Көктал ауылындағы Ә.Ахметов атындағы орта мектептерінің, материалдық-техникалық жабдықталуын жақсартуға, білім беру ұйымдарына баратын жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қол жеткізу. 2027 жылы Қарой ауылындағы Мектеп көшесіндегі мектепке апаратын жолдарды ретке келтіруге, сондай-ақ балалар және спорт алаңдарын дамытуға басымдық беру. Көкал ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеу мәселесін көтеру және ауыл тұрғындарының  демалысына арналған саябақ салу жұмысына ықпал ету.

8. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ

Қарт адамдар, балалы отбасылар және мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз етуге күш салу. Әлеуметтік осал азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға және аудан мекемелерінде қолжетімді орта қалыптастыруға жәрдемдесу.

9. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ПЕН ИНТЕРНЕТ

Ұялы байланыс пен интернет сапасын жақсартуға, сондай-ақ ауданның шалғай елді мекендеріндегі қамту аясын кеңейтуге қол жеткізу. Ауылдық мекемелерді цифрландыруды және электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруды қолдау.

10. ТАЗА ӘРІ АБАТТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЛДАР

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында ауыл көшелерін абаттандыруға, қалдықтарды жинау мен шығару жүйесін жақсартуға, елді мекендерді көгалдандыруға және жайлы қоғамдық кеңістіктер құруға қол жеткізу.

Ауыл көшелерінің жағдайы – тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін маңызды мәселе. Сапалы жол – балалардың мектепке қауіпсіз қатынауына, тұрғындардың емханаға, жұмыс орындарына және басқа да қажетті нысандарға кедергісіз жетуіне мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы – аудан экономикасының негізгі тіректерінің бірі. Сондықтан қарапайым шаруа қожалықтарының дамуына жағдай жасау, олардың мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізуіне көмектесу маңызды деп есептеймін.

Жер – ауылдың негізгі байлығы, ал оны тиімді пайдалану – экономикалық дамудың маңызды шарты. Ауыл маңындағы және аудан аумағындағы мақсатты пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтап, оларды заң аясында мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жандандыру мәселесін көтеремін.

Бұл бастама ауылдағы жер ресурстарын тиімді игеруге, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ауыл тұрғындарының табысын арттыруға мүмкіндік береді деп сенемін.

Аудан экономикасының тұрақты дамуы кәсіпкерліктің өркендеуімен тығыз байланысты.

Жергілікті кәсіпкерлерге қолдау көрсету, жаңа кәсіп түрлерін ашуға жағдай жасау және ауыл тұрғындарының өз кәсібін бастауына мүмкіндік туғызу – алдағы бес жылдағы маңызды міндеттерімнің бірі.

Осы бағытта «Ауыл аманаты» жобасының мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, ауыл тұрғындарының жеке қосалқы шаруашылықтарын, отбасылық кәсіпкерлігін және шағын өндіріс орындарын дамытуына ықпал етемін.

Ауылдардың дамуы тек жергілікті бюджетке ғана байланысты болмауы керек. Сондықтан мемлекеттік бағдарламалармен қатар, жеке инвестициялар тарту, демеушілік көмектер мен гранттарды пайдалану, басқа да қосымша қаржыландыру көздерін қарастыру бағытында жұмыс жүргіземін.

Бұл қаражаттарды ауылдардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуға, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға, кәсіпкерлікті қолдауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағыттау мәселесін көтеремін.

Әрбір ауылдық округтің өзіндік ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, тұрғындардың ұсыныстары негізінде нақты жобаларды жүзеге асыруға күш саламын.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Строительство набирает темпы: с какими результатами Казахстан подходит к Году Всенародной большой ст
  • Құрылыс қарқыны артып келеді: Қазақстан Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылына қандай нәтижелермен қад
  • 29 қараша-ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы
  • 29 қараша-ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы
  • 29 қараша-ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы